СЕРМАНИЗОВ Бахытжан Кыпшакбайулы

1969 жылы Түркістан облысы Шардара қаласында дүниеге келген. Үйленген, 7 баласы бар. Кәсіби тәжірибе: * 1987-1989 жылдары Кеңес Армиясы қатарында мерзімді қызмет...

Член Регионального Совета Палаты предпринимателей Туркестанской области, Председатель СПК "Хамит"

1969 жылы Түркістан облысы Шардара қаласында дүниеге келген. Үйленген, 7 баласы бар.

Кәсіби тәжірибе:

* 1987-1989 жылдары Кеңес Армиясы қатарында мерзімді қызмет атқарды.

* 1992 жылы Алматы қаласының Ауыл шаруашылығы институтын экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген. 1991 жылы Халықаралық маркетинг мамандығы бойынша Қазақ-Американдық Халықаралық бизнес институтына (Қаз КСР Совмині жанындағы) оқуға түсіп, бітірді.

* Еңбек жолын 1992 жылы Шардара аудандық тұтыну одағының бухгалтері болып бастады, 1995 жылға дейін Шардара аудандық тұтыну одағының бухгалтері, қаржы-есеп орталығының бастығы болып жұмыс істеді.

* 1995-1997 жж - коммерциялық құрылымдарда, жеке ауыл шаруашылығы өндірісі ұйымдарында жұмыс істеді.

* 1997-1999 жж - Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Шардара аудандық бөлімшесінің аға маманы, бастығы болып жұмыс істеді.

* 1999-2001 жж - Шардара ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің меңгерушісі.

* 2001-2006 жж - жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

* 2006 жылы балық өнімдерін өндірумен және оны халыққа сатумен айналысқан.

• 2006 жылы "Хамит" ауылдық тұтыну кооперативін құрды, оның төрағасы қазіргі уақытқа дейін болып табылады.

* Еңбек қызметі жылдарында компаниялардың менеджментінде елеулі жұмыс тәжірибесін жинақтады. Аймақтың экономикалық дамуына үлкен үлес қосты.

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР:

* Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, 2004 жыл.

* "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медаль, 2005 жыл.

* "Оңтүстік Қазақстан облысының үздік тауарлары" байқауындағы Диплом, 2006 ж.

• "Алтын сапа" байқауында "Құрмет грамотасы". 2007 ж.

* "Үздік кәсіпкер" номинациясы бойынша "Жеке кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін" облыстық байқауының жеңімпазы. 1 орын кубогы. Шымкент 2007 ж.

• "Қараөткел 2008". ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 1-дәрежелі мақтау қағазы

• "Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл" мерейтойлық медаль, 2009 жыл.

* "Парыз-2010 бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы байқау". Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің дипломы.

* 2010 жылғы "Оңтүстік Қазақстан облысының үздік тауарлары" байқауындағы "Құрмет грамотасы"

* 2012 жылғы "Қазақстанның үздік тауары" байқауына қатысқаны үшін Диплом

* 2012 жылғы "Тәуелсіздікке 20 жыл" мерейтойлық медалі

* Мемлекеттік, орыс тілдерін меңгерген.