astana-view

Приватизация

- Актюбинская область

Саламатсызба. Мен Қалуова Ғазиза биыл жылдың басында Шалқар ауданы Бегімбет селосындағы шешемнің атындағы тұрғын үйді шағын дәмxана қылып ашып едім. Енді сол дәмxананың жұмыс жасауына құжаттар үлкен кедергі келтіруде. Аудан әкімдігінен көмек болмай жатыр. Арxитектураға құжат жасатуға жас кәсіпкер болғасын үлкен көлемде ақша болмай жатыр. Қазіргі уақытта ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ қызметі 31 желтоқсанға дейін жүріп жатқан көрінеді. Бұл қызмет акциядан бізге жас кәсіпкерге қандай көмек көрсетіледі екен? Жекешелендіру акциясына іліге алама? Және бұл құжаттарды жекешелендірудің қандай заңдылықтары бар? Қалалық арxитектура бұл жағдайға байланысты штраф саламыз деп жатыр.!?????


Құрметті Ғазиза, Сіздің шағымыңызда көрсетілген жекешелендіру мәселесі емес, тұрғын үйіңізден шағын дәмхана ашуыңызға байланысты мүлікті жария ету мәселесі қаралуы тиіс.

Яғни, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымындағы №213-V «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 7 бабының 7 тармағымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидаларын, жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі мен нысанын, комиссия туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы №959 «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылдың 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері» Қаулысымен мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидалары бекітілді (бұдан әрі – Қағидалар).

Осы Қағидалардың 3 және 7 тармақтарына сәйкес, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:

1) Заңда белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) өтініш берген кезде салыстыру үшін түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысын;

4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады.

Осы тізімде көрсетілген құжаттарды мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия қабылдайды. Ол комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұрады.

Айтылған Заңның 4 бабына сәйкес, мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.

Дегенмен, 2015 жылдың 17 қарашасында Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға, оның ішінде жария ету мерзімін ұзартуға, жария ету рәсімін жетілдіруге және ынталандыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», соның ішінде мүлiктi жария ету мерзiмiн ұзартуға бағытталған Заңға қол қойды.

Айтылғанның негізінде, Сізге, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы әкімшілігінің жанында құрылған мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияға жолығып, жоғарыда көрсетілген құжаттарды тапсыруыңыз қажет.

Сонымен қатар, барлық туындаған сұрақтарыңыз бойынша Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының Шалқар аудандық филиалына келесі мекен-жайы бойынша хабарласуыңызға болады: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Әйтеке-би көшесі, 67 үй. тел.:8(71335)4-92-90, немесе Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына: Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы, 22 «К» үй мекен-жайы бойынша, 8(7132)74-46-07 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.   

Дочерние организации

Партнеры