astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Слово
Перевод
Описание
производственный
өндірістік

Өндіріске, өнімдер мен тауарлар өндіруге байланысты

өндірістік ақау — производственный брак өндірістік аудит — производственный аудит өндірістік бағдарлама — производственная программа өндірістік база — производственная база өндірістік босалқы қор — производственные запасы өндірістік емес сала экономикасы — экономика непроизводственной сферы өндірістік емес шығындар — непроизводственные затраты өндірістік есеп беру — производственный отчёт өндірістік жарақ — производственная оснастка өндірістік жоспар — производственный план өндірістік қатынастар — производственные связи өндірістік қорлар — производственные фонды өндірістік қуаттар теңгерімі — баланс производственных мощностей өндірістік өзіндік құн — производственная себестоимость өндірістік тәуекел — производственный риск өндірістік телім — производственный участок өндірістік циклдің ұзақтығы — длительность производственного цикла өндірістің ырғақтылығы — ритмичность производства

производство
өндіріс

Экономика, кәсіпкерлік салаларында адамдардың табиғи ре­ сурстарды, шикізатты белгілі бір өнімге, тауарға айналдыру үде­ рістері деген мағынаны білдіреді

өндіріс алаңы — площадь производства өндіріс дағдарысы — кризис производства өндіріс көлемі — объём производства өндіріс көлемі бойынша теріс ауытқу — отрицательное отклонение по объёму производства өндіріс қалдықтары — отходы производства өндіріс қарқынын үдету — наращивание темпа издержки производства өндіріс құралдары нарығы — рынок средств производства өндіріс өсімі — рост производства өндіріс сұлбасы — схема производства өндіріс технологиясын жетілдіру — совершенствование технологии производства өндіріс үдерістерін жобалау — проектирование процессов производство өндіріс шығасылары — издержки производства өндіріс шығындары — расходы производства өндірісті біртіндеп дамыту — постепенное развитие производства өндірісті жоспарлау — планирование производства өндірісті қарқындандыру — интенсификация производства өндірісті құрамдастыру — комбинирование производства өндірісті мамандандыру — специализация производства өндірісті оңтайландыру — оптимизация производства өндірісті ұйымдастыру ұстанымы — принцип организации производства өндірістің артығы — излишек производства өндірістің жоспар-кестесі — план-график производства

промышленность
өнеркәсіп

Қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын материалдық өндірістер жиынтығы. Кен байлығын, шикізатты өнім өңдеумен, қайта өңдеумен айналысатын, шикізат, материал, отын табатын, өндіріс құралдарын жасайтын өндіріс жиынтығы. Осын­ дай мақсаттағы жекелеген түрлер де өнеркәсіп деп аталады

өнеркәсіп өндірісі — промышленное производство өнеркәсіп өнімі — промышленная продукция өнеркәсіп салалары — отрасли промышленности өнеркәсіп торабы — промышленный узел өнеркәсіптік тауар — промышленный товар өнеркәсіптің салалық құрылымы — отраслевая структура промышленности өнеркәсіптің тоқырауы — застой промышленности

пропорционал
пропорционал

(лат. proporcionalis — мөлшерлес) Бір­біріне тәуелді екі көлемнің арасындағы қарым­қатыс, ара­ салмақ теңбе­тең болған жағдайда қолданылатын термин.

пропорционал бөлу әдісі — метод пропорционального распределения пропорционал бірлестірім — пропорциональная консолидация пропорционал қайта сақтандыру — пропорциональное перестрахование пропорционал салық салу — пропорциональное обложение пропорционал салықтар — пропорциональные налоги пропорционалдық ережесі — правило пропорциональности

протокол
хаттама

Мәжілістің, жиналыстың өту барысы егжей­тегжейлі баянда­ латын жазбаша ресми құжат

хаттамаға қол қою — подписать протокол хаттама жазу — писать протокол хаттаманы бекiту — утвердить протокол хаттаманы жүргiзу — вести протокол хаттаманың көшiрмесi — копия / выписка из протокола хаттаманың нөмiрi — номер протокола

профессия
кәсіп

(лат. professio; profiteor — өз ісім) Арнаулы даярлықтан өту, оқып­үйрену негізінде алынған тео­ риялық және практикалық білім мен дағдылардың кешенін мең­ герген адамның еңбек қызметінің түрі.

жетекші кәсіп — ведущая профессия кәсіби бейімделу — профессиональная адаптация кәсіби құзыреттілік — профессиональная компетентность кәсіби құпия — профессиональная тайна кәсіби оқу — учёба профессиональная кәсіби тіркелім — профессиональный регистр кәсіби этика кодексі — кодекс профессиональной этики кәсіби этиканы бұзу — нарушение профессиональной этики кәсіптік оқу — профессиональная учёба кәсіпшілік — промысел кең бейінді кәсіп — профессия широкого профиля құрамдас кәсіп — смежная профессия негізгі кәсіп — основная профессия

профильный
бейінді

Белгілі бір салаға тікелей қатысты

бiрбейiндi — однопрофильный бейiндi бағыт — профильное направление бейiндi оқыту — профильное обучение көпбейiндi — многопрофильный

процент
пайыз

(лат. percent — жүзге бөлу) Біртұтастыққа қатысты жағдайдың, қорытындының, есептің және т.б. ішіндегі үлесті анықтау, нақтылау үшін қолданылады. «%» таңбасы арқылы белгіленеді.

жүз пайыз көлемiнде — в объёме ста процентов жүз пайызға жуық — около ста процентов жүз пайыздай — около ста процентов жүз пайыздан астам — более ста процентов он пайыз — десять процентов он пайызға көбейту — увеличить на десять процентов пайыз бойынша аяқтау әдісі — метод попроцентного завершения пайыз мөлшерлемесі — ставка процента пайызды өтеу коэффициенті — коэффициент покрытия процента пайыздық берешек — задолженность по процентам пайыздық бөлгіш — процентный делитель пайыздық қатысу үлесі — доля участия в процентах пайыздық мөлшерлеме — процентная ставка пайыздық мөлшерлеме кепілдігі — гарантия процентной ставки пайыздық сан — процентное число пайыздық табыс — процентный доход пайыздық тәуекел — процентный риск пайызсыз борыш — беспроцентный долг пайызсыз қарыз — беспроцентный заём пайызы өзгермелі кепілдеме — закладная с изменяющимся процентом 60 %-дан астам — более 60 % 60 %-ға дейін — до 60 %

работа
жұмыс

Құндылықтар жасау немесе басқа адамның мүддесін қанағат­ тандыру мақсатындағы іс­қимылы, осы іс­қимылдың нәтижесі

бос жұмыс орны — вакансия жұмыс беруші — работодатель жұмыс жасаған уақытына төлем — оплата за отработанное время жұмыс күнін ұзарту — продление рабочего дня жұмыс күнінің шегі — предел рабочего дня жұмыс күші нарығы — рынок рабочей силы жұмыс күшін жалдау — наём рабочей силы жұмыс күшін үнемдеу — экономия рабочей силы жұмыс құжаттамасы — рабочая документация жұмыс орны — рабочее место жұмыс орнын жарақтандыру — оснащение рабочего места жұмыс өтілі — стаж работы жұмыс уақытының балансы — баланс рабочего времени жұмыс уақытының жоғалтымдары — потери рабочего времени жұмыс істеген уақыт үшін қосымша ақы — доплата за отработанное время жұмыс істеп тұрған кәсіпорын — действующее предприятие жұмысақы — заработок жұмыскер — работник жұмысқа қабылдау — принимать на работу жұмысқа қабілетсіздік — нетрудоспособность жұмысқа қабілеттілік — трудоспособность жұмыспен қамтылу — занятость жұмыспен қамтылу деңгейі — уровень занятости жұмыстан босату — увольнение с работы жұмысшы — рабочий

Район
аудан

Аумақтың бір бөлігі

артта қалған аудан — отсталый район аудан әкiмi — аким района аудан көлемi — площадь района аудан орталығы — центр района ауқымды аудан — большой район батыс аудан — западный район дамыған аудан — развитый район жаңа аудан — новый район қаратопырақты аудан — чернозёмный район маңызды аудан — значимый район маңызы бар аудан — имеющий значение район облыс ауданы — районы области оңтүстiк аудан — южный район орталық аудан — центральный район өндiрiстiк аудан — промышленный район сауда ауданы — торговый район солтүстiк аудан — северный район тұрғын ауданы — полезная площадь үлкен аудан — большой район шеткi аудан — отдалённый район шығыс аудан — восточный район шағынаудан — микрорайон

Дочерние организации

Партнеры