astana-view

Таскран

Атырауская область
Таскран – мұнара белгі. Исатай ауданы Аққыстау ауылынан 2 км жерде «Атырау-Астрахань» тас жолының бойында орналасқан. 1870 жылдың басында саман таспен қамыстан тұрғызылған. Орал өңірі өз алдына облыс болып, Орынбор губерниясынан бөлініп, Астрахань губерниясына берілгенде Астрахань губерниясымен екі аралық 1000 шақырым қашықтықты тең бөлетін шекара сызығы жыртылып белгіленген. Теңізге тірелетін жерге жеткенде тастан биік етіп осы белгіні орнатқан. Бұл белгі екінші жағынан теңіздегі балықшыларға бағдар болған. Республикалық тас жолдың бойында орналасқан бұл мұнара ары-бері өткен жолаушыларға ескінің ескерткішіндей әсер қалдырады. Қанша уақыт өтсе де мұнара сол қалпында сақталуда.

Дочерние организации

Партнеры