astana-view

Талаптыға нұр жауар

30 Ноября 2018
- Павлодарская область
8480 просмотров


Бүгінгі күні елімізде мемлекеттік қолдау негізінде жеңілдетілген несие алып өз кәсібін ашып жұмыс жасап жүрген азаматтар аз емес. Осындай азаматтардың бірі  облысымыздың Ақтоғай ауылының тұрғыны - Абильдинов Бауржан Еркінұлы 
Бауыржан көп жылдар бойы әр түрлі мекемелерде жүк тасымалдау автокөлігінің жүргізушісі болып жұмыс жасаған. Жүргізушілік мамандыққа бала кезінен құмартқанын айтады. 

«Осы мамандық арқасында баспаған тауым, таныспаған адамым жоқ», - дейді, Бауыржан.  

Отызға тақаған жасында мамандығын ауыстырмақшы болып «заңгер» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орынын да бітірген, алайда көп жылғы жинаған жүргізілушілік тәжірибесі, автокөлікке деген сүйіспеншілігі, алыс-жақынды сапарлар, сапар жолдарда кездесетін қызығы бар-шыжығы бар уақиғаларды таразылай келе, жүргізушілік манандығын басқа еш манандыққа ауыстырғысы келмейтінін ұққан екен.  

«Жұмыс жасаған мекемелерімде маған тапсырылған қызметті аса адал ниетпен атқардым, менің жауапкершілігіме берілген автокөлікке ұқыптылықпен, дәл өзімдікіндей қарадым және жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтау жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы өте маңызды мәселе болып табылғандықтан қатаң түрде ережелерді ұстанамын, практика көрсеткендей, мұндай режимді сақтамау қайғылы салдарларға әкелуі мүмкін», - дейді Бауржан.

«Ізденбеген ілгерлемейді» демекші, бүгінде Бауржан - жеке кәсіпкер, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікпен шұғылдану» бағдарламасының бір бөлігі -«Бастау бизнес» жобасының қатысушысы. Өз кәсібі үшін  Газель 33204 автокөлігін сатып алу үшін «АШҚҚҚ» АҚ-нан  «Кәсіпкер» кредиттік өнім бойынша жеңілдетілген пайызбен несие алды. Кәсіпкер несие алу үшін қорға өзінің іс әрекеті бойынша бизнес-жобасын ұсынды. Жоба бойынша бизнес идея табысты, яғни 2 жыл ішінде салынған қаржы ақталып шығады және жоба бойынша ішкі пайда көлемі несиені жабу үшін жеткілікті болып табылады. Жоба жүргізілуінің әлеуметтік салдары: - 1 жұмыс орнын ашу; - бюджетке салық салу. 
Жеке кәсіпкер - Абельдинов Бауржан, Ақтоғай аймағы бойынша тұрғындардың жүк тасымалдау қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында қызмет жасап жүрген жандардың бірі.  
Кәсіпкер «Бастау» жобасының қатысушысысы болуына себепкер болған және үнемі сервистік, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу бойынша қызмет көрсететін, заңдық қызмет бойынша кеңеспен қолдау көрсететін, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының Ақтоғай ауданындағы филиалы ұжымына алғысын білдіреді.  


Подписывайтесь на наш Telegram канал и оставайтесь в курсе последних новостей.

Дочерние организации

Партнеры