astana-view

Құрылыс саласында отандық өнімнің үлесі қашан артады?

02 Июня 2021
- Жамбылская область
3320 просмотров

Бүгін мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамтудың үлесін арттыру мәселесі бойынша облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен кездесу өтті.

Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға қаражаттың ең аз бөлігін  жұмсайтынын әрдайым айтуда. Осыны негізге алған аймақ басшысы жергілікті жердегі тауар өндірушілерді қолдау қажеттілігіне айрықша тоқталды.

Басқосуда Жамбыл облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев баяндама жасады.

Палата басшысының айтуынша, қазіргі таңда жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша құрылған облыстық комиссияның жыл басынан бері 9 отырысы өткен. Облыстық басқармалар мен Тараз қаласы және аудандық әкімдіктерге жұмысты тиісті деңгейде үйлестіру және уақытылы ақпаратты ұсыну туралы бірқатар тапсырмалар жүктелген болатын.

«Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсынған есептеріне сәйкес, «Қарапайым заттар экономикасы» салаларына жататын өнеркәсіптің 8 бағыты бойынша мониторинг жүргізіледі, осы салалалар бойынша мемлекеттік сатып алу 6,2 млрд. теңгеге жоспарланған, оның нақты игерілген құны 3,0 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда «Қарапайым заттар экономикасы» салаларына жататын өнеркәсіптің 8 бағыты бойынша жергілікті тауарларды сатып алу үлесі 41,8%-ды құрады. Жеңіл өнеркәсіп тауарлар бойынша жергілікті қамту үлесі 44,5% құрайды» - деп атап өтті Еркін Атымтаев.

Мемлекеттік сатып алудағы өзекті мәселелердің бірі –тапсырыс берушілердің бір көзден тікелей келісім шарт орнатып, СТ-КЗ сертификаты жоқ жеткізушілермен жұмыс жүргізуі болып табылады. Өз кезегінде бұл жергілікті қамту үлесінің көрсеткішінің төмендеуіне әкеліп соғуда. Бұл ретте, СТ-КЗ сертификатын алу және ондағы мүмкіндіктер жайлы ірі кәсіпорындар мен құрылыс компанияларымен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу қажет. Басқарма басшылары мен аудандық әкімдіктерге осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстарын арттыру ұсынылды.

"Жергілікті қамту мәселесінде әлі де болса жүйелі жұмыс жоқ. Басқармалар бір-біріне сілтеп, нақты іспен ешқайсысы айналысқысы келмейді. Әрбір құрылыс нысаны назарға алынуы тиіс. Олар қажетті материалдарды қайдан жеткізіп отыр? Бұл туралы конкурстың ереже-талаптарына енгізу керектігін бұған дейін де айтқан болатынмын. Егер өңірімізде өндірілетін өнім болса, онда өз тауарларымызды алуға көңіл бөлгеніміз абзал. Жергілікті тауарлардың үлесін көбейту жолында жұмыс жасауға тиіспіз",-деді Бердібек Сапарбаев.


Подписывайтесь на наш Telegram канал и оставайтесь в курсе последних новостей.

Дочерние организации

Партнеры