astana-view

Бірыңғай есеп беру күні Алматы облысында өтті

01 Октября 2024
- Алматинская область
1230 просмотров

Алматы облысында 26 - қыркүйек күні Бірыңғай есеп беру күні отырысы өтті. «Атамекен» ӨКП кәсіпкерлік субъектілермен бірлесе, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерін талқылау бойынша, бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, сындарлы шешімдер қабылдау, құқықтық сауаттылық пен кәсіпкерлік бойынша көкейтесті сұрақтарға жауап беру мақсатында кәсіпкерлермен ашық кездесу өткізді.

Есеп беру күніне Алматы облысының инвестициялар жөніндегі прокуроры, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бірінші орынбасары, Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары, Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының м.а. , Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық инспекциясы Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция және ФҚК бөлімінің басшысы өздерінің баяндамаларын ұсынды.

«Атамекен» ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Еркін Майлыбайұлы Бірыңғай есеп беру күніне орай, атқарылған жұмыстар жөнінде кәсіпкерлерге есеп жүргізді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 8 айлық қорытындысы бойынша жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 139,9 мыңды құрайды, өткен жылмен салыстырғанда 3,8% -ға жоғары екендігін айта өтті. Мемлекеттік гранттар тек әлеуметтік кәсіпкерлерге және "Бір ауыл - бір өнім" жобасының финалистеріне берілетіні жөнінде кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.

 


Подписывайтесь на наш Telegram канал и оставайтесь в курсе последних новостей.

Дочерние организации

Партнеры