«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Барлық салаға серпіліс керек

12 Қаңтар 2018 - Жамбыл облысы
872 просмотров

Жаңа Жолдау ел экономикасының жаңа қозғаушы күшіне айналып, бизнес, өндіріс пен сан-саланың барлығы заманауи технологиялармен қамтылып, мемлекеттік стандарттарға сай болатынында сенім бар

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы жарияланған болатын. Республиканың экономика және іскерлік саласына қатысты Жолдаудың кейбір бөлімдеріне түсініктеме беруін Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербекұлынан сұрадық.

-Мәріпбек Шәкербекұлы, Сіздің ойыңызша, биылғы жылғы Жолдаудың тақырыбы не себепті "Төртінші өнеркәсіптік революция" деп аталды?

- Менің ойымша, бұл тақырып – Жолдаудың басты тақырыбына айналуы заңды әрі орынды. Ал, Жолдаудың алдыңғы тақырыптары «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», Жаңа экономикалық саясат, сонымен қатар,  Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуға және өзге де тақырыптарға арналған болатын. Осы күнге дейін еліміз экономиканы жаңғырту, алмастыру, әртараптандыру және тағы басқа да тапсырмаларды мақсат етіп қойып, сәтті орындады.  Яғни, технологиялық дамуға екпін берілген қазіргі Жолдау алдыңғы легтің жалғасы болып отыр. Елбасының сарабдал саясаты мен меңзегені де осы, яғни Қазақстан индустриализация жолында қарышты қадам басып, ілкімді істер атқаруда. Бұл өз кезегінде әлеуметтік пайда мен кірістер түрінде жемісін береді. Нұрсұлтан Назарбаев: «Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4%, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7%-ды құраған. Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40%-дан асып түсті. Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүмкіндік берді. Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға дейін төмендеді» - деп бекерден-бекер атап өтпеді.

Сондай-ақ, Президент «көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқандығын кезекті рет астын сызып, елімізге дамудың жаңа сапасы қажеттігін айтты.

-  «Төртінші өнеркәсіптік революция» тақырыбына жалпы қандай түсініктеме беріп өтер едіңіз?

- Төртінші өнеркәсіптік революция – ғаламдық деңгейде өтіп жатқан уақиға. Киберфизикалық жүйенің  өндіріске, адам қолымен басқарылатын тұрмыстық қажеттіліктер мен жұмысқа енуі бұл біз айтып отырған төртінші өнеркәсіптік революция. Бүгінгі таңда әлем елдерінің барлығы бұл жүйені енгізуде. Еңбек нарығы, саяси жүйелер, күн көріс ортасы, экономика салаларын өзгерістер күтіп тұр. Мұның барлығы адам өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған. Қазақстан аталған үрдістерге лайықты болу керек, Мемлекет басшысының да діттеген осы мәселе. Жолдаудың ең өзекті бөлімдері «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс», ал «ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» туралы. Яғни, тіршілік әрекеттінің барлық шеңбері, зауыттардан бастап, ауыл шаруашылығы өндірісіне дейін «ақылды» болуы тиіс. «Ақылды қала» - әр өңір басшысының мақсатына айналады, ал елордамыз Астана Президенттің межелегені бойынша 20 жылдық мерейтой жылында бұл бағыттың «ізашары» болмақ. Одан бөлек, басым бағыт мемлекеттің әлеуметтік саясатына да берілген. Елбасы халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, халықтың білім деңгейін жетілдіру  жолында да ұсыныстар легін атап өтті.

- Жолдауда айтылған түсінікті әрі айқын 10 міндеттің қайсысы «Атамекен» ҰКП-ның негізгі жұмысына айналуы мүмкін?

- Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының басшысы ретінде, Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет, осыған орай бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуға бағытталған заң қабылдауды жылдамдату керек, деп санаймын. Президент осыған дейін де бизнеске жан-жақты қолдау көрсету керектігін айтқан болатын. Мемлекет басшысының арқасында кәсіпкерлердің кәсібігін жүргізуде оң септігін тигізген жаңартылған Салық кодексі пайда болды. ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы соңғы жылдары бизнес-құрылым қызметін реттейтін заңнаманы реформалау жолында тындырымды тірліктер атқарды.  ҚР салық кодексіне өзгертулер Палатаның ат салысуымен енгізілді. Сонымен қатар, бизнес-құрылымның өтінімдері бойынша олардың проблемаларының басымы оң шешілді, ал «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлердің сенімді серігіне айналып үлгерді.

Атамекеннің жұмысын Мемлекет басшысы да жоғары бағалады. Өз Жолдауында  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары қолдауға тұрарлық» - деп атап өтті.

Сондай-ақ,  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет. Президент «Қазақстандықтардың жаңа жұмыс орнын салыстырмалы түрде тезірек иеленуге, соның ішінде еліміздің басқа да елді мекендерінен жұмыс табуға мүмкіндігі болуға тиіс», - деп астын сызды.

  • «Атамекен» ҰКП аталған бағдарламаның нәтижелі жүзеге асуына қосқан үлесін атап өтсеңіз?

- Өздеріңізге белгілі, «Атамекен» ҰКП 2017 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021жж» бағдарламасының екінші бағыты «Бастау бизнес» жобасын іске асырушы операторы болып табылады. Кәсіпкерлер палатасығ бүгінгі таңда Елбасының қойған талап-тапсырмаларын орындау жолында жұмысын бастап кетті. Нәтижесінде Жамбыл облысының халқының бизнес негіздеріне оқып, несие алып, өз кәсібін ашуға деген құлшыныстарының зор екені анықталды. «Бастау Бизнес» жобасы аясында өңірде былтыр 1125 адам оқытылып, оның ішінде 295 адам өз ісін ашуға шағыннесиелерге қол жеткізді. Жаңа Жолдау ел экономикасының жаңа қозғаушы күшіне айналып, бизнес, өндіріс пен сан-саланың барлығы заманауи технологиялармен қамтылып, мемлекеттік стандарттарға сай болатынында сенім бар!

- Сұхбатыңызға рахмет! Билік пен бизнес арасында алтын  көпірге айналған Ұлттық палатаның алдағы уақыттағы жұмысы жемісті болғай. 

Сұхбаттасқан Ақбота Батырбекова

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер