astana-view

Ревизиялық комиссия

Сәрсенбай Нұрлан Алдабергенұлы

Ревизиялық комиссияның төрағасы

8 (7172) 919-309


«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ревизиялық комиссиясы  (ары қарай – Ревизиялық комиссия) – тұрақты қаржылық-бақылау органы және өз қызметі туралы Съезге және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасына есеп береді.

Ревизиялық комиссия Ұлттық палата, Өңірлік палата, Ұлттық палатаның қатысуымен жалғыз құрылтайшы ретіндегі заңды тұлғалардың және Ұлттық палатаның немесе Өңірлік палатаның қызметін жүзеге асыру үшін келісімшарт негізінде қатыстырылатын, Ұлттық палатада немесе Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен жеке кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық түріндегі бірлестігінің қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау мақсатында құрылған.

Ревизиялық комиссия өзі қызметін Ұлттық палата Төралқасы бекіткен жылдық жұмыс жоспары және Ұлттық палата Төралқасының тапсырмасы бойынша жоспардан тыс тапсырмасына сәйкес жүзеге асырады.

Қаржылық-шаруашылық қызметті бақылау барысында Ревизиялық комиссия келесі мәселелерге қатысты тексеру жүргізеді:

1) Ұлттық палата Съезі және Төралқасы тапсырмаларының, Өңірлік палаталардың жалғыз құрылтайшысы ретіндегі Ұлттық палатаның немесе Ұлттық палатаның жалғыз құрылтайшы ретінде қатысуымен заңды тұлғалар шешімдерінің тиісті тәртіпте орындалуын;
2) қаржылық құжаттарды, мүлікті түгендеу бойынша комиссия қорытындысы, бастапқы бухгалтерлік есеп мәліметтері көрсетілген құжаттарды салыстыру;
3) тауарлар, жұмыс және қызметтерді сатып алуының тиісті тәртіпте жүргізілуін, келісімшарт жасағанда, контрагенттермен есеп айырысу өндірісінде заңнаманы және ішкі құжаттардың сақталуын;
4) бухгалтерлік және статистикатық есептік қолданыстағы стандарттар мен нормаларына сәйкес жүргізілуін;
5) бақылау нысанының қаржылық-шаруашылық қызметінде қолданыстағы нормативтер мен ережелердің сақталуын;
6) қаржылық жағдай, төлеу қабілеттілігі, активтердің заңдылығын сараптау;
7) өнім және қызмет жеткізушілерге төлемнің, бюджетке төлемнің, дивиденттер аударымары мен төлемдері, облигациялар бойынша пайыздар, басқа да міндеттемелер төлемінің уақытылы және дұрыс жүргізілуін; 
8) салық органдары, статистикалық органдар, мемлекеттік басқару органдары үшін баланстардың және (немесе) сметалардың, есептік құжаттардың дұрыстығын;
9) Ұлттық палата немесе Өңірлік палаталардың қызметін атқаруға жасалған келісімшарт негізінде аккредиттелген қауымдастықтардың адресіне Ұлттық палата немесе Өңірлік палаталар төлейтін қаржы қаражатының мақсатты қолданылуын.
 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер