astana-view

«Маған Қазақстан ұнайды!»

2015 жылғы 04 Маусым
8678 просмотров

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің басшысы неліктен Қазақстанға келуді ұнататынын айтып берді

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің Президенті сэр Сума Чакрабарти өзінің Қазақстанға деген ынтықтығы жайлы айтып берді. Ол бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVIII алқа отырысында мойындаған болатын.

«Маған бұл жерде болу әрдайым ұнайды. Қазақстанға келуді ұнатуыма бір себеп – жеке деңгейдегі мәселе – мұндағы қонақжайлылық пен аса дәмді ас. Және де мен бүгін ауыл шаруашылығын талқылап отырғанымызға өте қуаныштымын», - деп атады Сума Чакрабарти.

«Мен жергілікті көптеген өнімдердің дәмін татып көргенмін: Қызылорда күрішін, Алматының алмасын, және де, әрине, Қазақстанның аса сапалы ұнынан пісірілген нанды», - деп жайып салды ЕҚҚДБ Басшысы.  

Сума Чакрабарти сонымен бірге «ЕҚҚДБ-да Қазақстан ауыл шаруашылығының тартылуын арттыратын боламыз, және де секторды реформалауға, оның экономикадағы ролін ұлғайтуға көп нәрсе жасағымыз келеді». 

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер