astana-view

Инвесторлар өңірлерге келуде

2016 жылғы 15 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
7466 просмотров

Түрік компаниясы Ақтөбеде орталық жедел медициналық жәрдем станциясын тұрғызбақшы

«Hemogens Health Care» компаниясы құрылысқа және бірегей жабдық және көлікпен жабықтауға 5,5 млрд. теңге салуға дайын. Ақтөбе облысының әкімдігі түрік компаниясымен жүргізген келіссөз барысында осындай келісімге қол жеткізді.

Бердібек Сапарбаев «Hemogens Health Care» басшылығымен кездесу барысында соңғы 5 жылда Ақтөбе облысында заманауи талаптарға жауап беретін 52 денсаулық сақтау нысанының салынғанын, 53 нысанда күрделі жөндеу жүргізілгенін атады. Медициналық мекемелердің материалдық‑техникалық базасын жақсарту жұмыстары жүргізілуде.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, облыстағы денсаулық сақтау саласында жедел шешімді талап ететін түйткілдер баршылық. Өткір түйткілдердің бірі – жедел медициналық жәрдем қызметі.

«Типтік ғимараттың болмауы, автокөлік пен жабдықтың қатты тозуы, диспетчерлік қызметтің заманауи стандарттарға сәйкес келмеуі – осының бәрі жұмысын қиындатып отыр. Осыған орай облыстық жедел жәрдем станциясын аутсорсингке беру туралы шешім қабылданды. Бұл мәселеде түрік әріптестеріміз тәжірибелерімен бөлісуге дайын», - деп атады облыс әкімі.

Сөйтіп, санитарлық көлік паркінің тозуы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін 55 %‑ға жетіп отыр, медициналық жабдық - 56,5 %. Жедел жәрдем бригадасына жүктеме аса жоғары күйінде қалып отыр, 2015 жыл ішінде ол 29 % өскен. Кешігумен орындалатын шақырулар саны әлі де айтарлықтай жоғары.

«Hemogens Health Care» бас директоры Наджие Арпаджы компаниясының БАӘ мен Түркияда осыған ұқсас жобаларды енгізу бойынша үлкен тәжірибеге ие екенін баса көрсетіп, өңірдегі денсаулық сақтауға 5,5 млрд теңге инвестицияланатынын хабарлады.

«2016 жылы орталық жедел медициналық жәрдем станиясы құрылысы мен оны жабдықтауға, шамамен 35 бірлік санитарлық автокөлікті сатып алуға 3,5 млрд. теңге жіберіледі. Сонымен қатар жаңа е‑форматта жедел медициналық көмек көрсету, медициналық қызметкерлерді оқыту, дәрілік заттарды өндіру жөніндегі қалалық бірыңғай ақпараттық‑сараптамалық диспетчерлік орталықты құру бойынша жұмыс жүргізілетін болады», - деп баса көрсетті ол.

Компания 2020 жылы реаномобильдер мен медициналық жабдықты жаңартуға тағы 2 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Облыс әкімі мемлекеттік‑жеке меншік әріптестік есебінен тартылған инвестициялардың еліміздің батыс өңіріндегі денсаулық сақтау жүйесі және медициналық туризм дамуына жіберілетініне сенім білдірді.

«Меморандумға қол қою өңірімізді түрік инвестициялық институттарымен бірге жаңа сапалы деңгейге шығарады. Өзара тиімді серіктестік үшін Қазақстанның мемлекеттік‑жеке меншік әріптестік пен концессиялық қызметті дамыту жөніндегі заңнамасы іргетас бола алады», - деп қорытты Бердібек Сапарбаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер