astana-view

Қазақстандық кәсіпкерлерге Сібірдің аязы да кедергі емес

2016 жылғы 12 Сәуір
7604 просмотров

Отандық кәсіпорындар Сібір федералды округінің нарығын жаулап алуға көшті

Новосібір қаласында қазақстандық «Alina» ЖШС-нің бөлімі ашылды. Бұл компания ТМД елдері арасында лак, бояу сатумен, өзге де кепкен құрылыс қоспаларын шығарумен танымал.

KAZNEXINVEST пен Кәсіпкерлер палатасының сыртқы сауда байланысы Новосібір үкіметімен бірлесе отырып ресейлік нарықтағы қазақстандық компанияларды көбейту мақсатында ұйымдастырған сауда келісімінің арқасында осындай жетістікке қол жетті.

Новосібірде отандық 35 компания өз өнімін ұсынды. Оның ішінде құрылыс, тағамдық, химиялық, фармацевтикалық саланың өнімдері бар.  Губернатор В.Городецкий бастаған Новосібір облысының іскер адамдарымен кездесу өтті. Онда Новосібірдің ауылшаруашылық, өнеркәсіп, сауда мен даму министрліктерімен байланыс орнатылды. Екіжақты келісім арқасында «HousemasterKZ» ЖШС пен ООО «ПРОГМАТИК» құрылтайшылық келісіміне қол жеткізілді. Олар Астана қаласында ортақ компания ашатын болып келісті. Одан бөлек 2 меморандумға қол қойылды. «Казэнергокабель» АҚ тоқтың сымын өндіру мен жеткізу және ішкі-сыртқы бейне бақылауға арналған монтаждаушы құрылғылары бойынша келісім жасалды. Отандық дәрі шығарушы «Нобел АФФ» АҚ фармацевтикалық өнімдерін 5 миллион доллар сомасында Ресейдің ірі дистрибьютері «Катрен» компаниясына жеткізіп беретін болды.

«Қазақстан Республикасындағы ірі дәрі өндіруші кәсіпорын әрі алғашқы фармацевтикалық өндіруші болғандықтан, біз елде ең бірінші болып GMP сертификатын алғанбыз. Қазір дамып, сыртқы нарыққа шыға бастадық. Ресей Федерациясының нарығына шығуымыз үлкен жетістік. Бұл үшін ауқымды жұмыс жасалды. «Катрен» компаниясымен келісімге қол жеткіздік. Ол компания фармацевтикалық дистрибьютер ретінде өте үлкен компания. Новосібірдегі сауда келісімінің арқасында енді РФ алғашқы дәрілік өнімдерді дайындаймыз», – дейді «Нобел АФФ» АҚ кеңесшісі Светлана Киль.

«Alina» ЖШС ТМД елдерінде лак, бояу шығарумен алда келеді. Кәсіпкерлердің келісімінен кейін Новосібірде өзінің бөлімшесін ашуды көздеп отыр. Осы компанияның бас директоры Алмазбек Таштаналиевтің айтуынша: «Біздің компанияның Ресей нарығына шығуы экспортты нарықтың ең ірісіне шығу деген сөз. Қазіргі таңда KAZNEXINVEST-пен бірігіп, Новосібірде өз бөлімшемізді ашуды қолға алып жатырмыз. Ол ашылса, РФ-ға өнім жіберу жағы жеңілдейді. Көбірек жіберетін боламыз».

Сауда келісімі аясында Новосібір қаласында «KAZNEX INVEST» АҚ ресми бөлімшесі ашылды. Экспортерлерді қолдау жүйесі бойынша Ресейде осындай өкілдік ашылған. Ол бүгінгі кезде бар жұмысты атқарып отыр. Оның мақсаты ресей нарығына шыққысы келетін экспортерлерге қолдау таныту. Әсіресе, Сібір федералды округінде. Ол өкілдіктің және бір міндеті Ресейден Қазақстан экономикасының маңызды салаларына инвестиция тарту. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер