astana-view

Малика тіккен көйлек үздік атанды

2016 жылғы 26 Сәуір
- Ақтөбе облысы
9863 просмотров

Ақтөбелік дизайнер Малика Дүйсенбаева «Қазақстанның жыл көйлегі–2016» халықаралық ұлттық байқауында үздік деп танылды

Әлем бойынша 75 мемлекет қатысатын байқау «World Beauty Congress» қоғамдық ұйымына тиесілі. Бүкіләлемдік сұлулық конгресінің («World Beauty Congress») мақсаты – сұлулық индустриясын, сән, ішкі және сыртқы турзимді дамыту, сонымен бірге әлемдік қоғамдастық назарын қатысатын елдер мен өңірлердің мәдениеті мен тарихына аудару.

Бүкіләлемдік конгрестің серіктестері дүниежүзі бойынша 40 жергілікті және халықаралық сұлулық фестивальдары мен байқаулары болып саналады. Алматыда өткен байқау финалына Қазақстанның түрлі қалаларынан келген тәжірибелі сәнгерлер мен дизайнерлер қатысты.

«Байқау бірегейлігі сонда, ондағы әрбір қатысушы тек бір ғана көйлекті назарға ұсынады. Әлбетте, «Тұмар» деп аталатын көйлекке мен бүкіл күшімді салып, уақытымды сарп еттім. Бұл жоба Қазақстанның сәнгерлері мен дизайнерлеріне тек қана Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге танылуына, өз ісіне деген сенімділік тудыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл отандық сән мен елдегі тігін өнеркәсібінің дамуына септігін тигізбек», – дейді сәнгер, Ақтөбе облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі.

Малика Дүйсенбаева байқау жеңімпазы атанды. Сәнгер кәдесый кубогымен марапатталып, «Dress of the World» (Әлем көйлегі) халықаралық байқауына Қазақстанның атынан қатысу құқығына ие болды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер