astana-view

Бизнес барлық жерде қорғалады

2016 жылғы 28 Сәуір
- Павлодар облысы
11145 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы мен Павлодар облысы прокуратурасы бас қосып, бизнестегі түйткілді мәселелерді тыңдады  

Бұл жергілікті прокуратураның өңірдегі түрлі құрылымдарда Ашық есік күндерін өткізу акциясы аясында мүмкін болды. Сондай пункттердің бірі – Өңірлік кәсіпкерлер палатасы.

«Бұл шараның басты мақсаты – әкімшілік кедергілерді анықтау, кәсіпкерлерді тыңдау, оларды қинап отырған мәселелерді нақты білу. Мұндай кездесудің артықшылығы – құқықты бұзуға жол бермей, бизнестің діттеген мақсатына қиянат жасамау», – дейді Павлодар ӨКП бөлім бастығы Лашын Баймағамбетова.

Бұл күні кәсіпкерлердің сан алуан тараптағы сауалдары ортаға салынды. Мәселен, кәсіпкерлер жер қатынастары жөніндегі бірқатар заң бұзушылықтарды атап айтты, тариф қалыптастыруда шешілмеген дүниелер бар, қатты тұрмыстық қалдықтарды өлшейтін кезде белгілі бір нормативті құжаттың болмағандығы да қол байлау. Сәулет-құрылыс саласына қатысты, салыққа байланысты да сұрақтар қойылды.  

Бір кәсіпкер Павлодар маңындағы ауылдардың жоспары жоқтығын айтып өтті. Оның айтуынша, бұл жағдай өңірлік кәсіпкерлердің дамуына әкімшілік кедергі келтіріп отырған түйткіл.

«Бүгінгі шара ортақ шешім күтіп тұрған көптеген мәселенің бар екендігін көрсетіп берді. Құқығы бұзылғанда кәсіпкерлер кімнен қорған іздерін білмей қалмасын. Құқық қорғау үшін прокуратура бар, Кәсіпкерлер палатасы бар, және осындай Ашық күндер өткізіліп тұрады», – деп атап өтті Павлодар қаласы прокурорының аға көмекшісі Санат Балғабаев.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер