astana-view

Ауылда жұмыс тапшы

2016 жылғы 07 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
5470 просмотров

Мамлют ауданында кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтті

Мұндай іс-шараларды қаладан гөрі аудандарда асыға күтеді. Аудан орталықтарында жұмыс табу қиындау. Ондай кезде еңбек нарығының әлсіздігі де, елдің орналасу тығыздығы да рөл ойнайды. Ұсынылған жұмыс орындары бос тұрмау үшін, Кәсіпкерлер палатасының филиалы аудандық Жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, тұрақты түрде бос орындар жәрмеңкелерін ұйымдастырып жүр. 

Бұл жолы шараға 8 бизнес субъектісі қатысты, оларға бухгалтер, сатушы, тракторшы, от жағушы және тағы басқа жұмысшылар керек екен. Жәрмеңкеге 50-ден астам тұрғын қатысып, олардың алтауын жұмыс берушілер сұхбаттасуға шақырды.

«Жәрмеңке өтіп жатқан кезде Кәсіпкерлерді қолдау орталығының мамандары еңбек келісімшартын қалай жасау керектігін еңбек заңнамасына сүйене отырып түсіндірді. Жәрмеңкеге қатысқан адамдарға «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде тегін оқу оқуға немесе қайта мамандануға болатыны туралы кеңес берілді», – дейді Мамлют аудандық филиалының директоры Нина Василенко. Ол жаңа жұмыс орындары туралы ақпарат үнемі жаңартылып отыратынын, ал жәрмеңкелер жұмыс іздеп жүрген ауыл тұрғындарына еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды білуге көмектесетінін айтты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер