astana-view

Кәсіп бастағанда СЭС-ке хабарла!

2017 жылғы 07 Наурыз
- Қостанай облысы
9216 просмотров

Санитарлық дәрігерлер жаңа нысан ашылатындығы туралы ақпарат бермегені үшін жауапкершілікке тартылу жайында ескертті

Қостанай облысы Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Юрий Севостьянов кәсіпкерлерді жеке қабылдады, сондай-ақ сауалдарға онлайн-режимде жауап берді. Олардың бір бөлігі Кәсіпкерлер палатасының бөлімшелер желісі арқылы алдын ала жинақталған, ал екінші бөлігі тікелей қойылды. Іс-шара Өңірлік палата алаңында өткізілді.

Кездесу қатысушыларын мазалаған басты тақырып ­– өткізілетін тауарлардың сәйкестігін дәлелдейтін құжаттың болуы, сондай-ақ жаңа нысан құрылысын жүргізуде санитарлық-қорғаныс аймағын сақтау.

Өткізілетін тауардың техникалық реламентке сәйкестігі туралы мәселе жайдан-жай көтерілмеген. Санитарлық дәрігерлердің облыстағы сауда орындарын тексеруі нәтижесінен кәсіпкерлердің кейбірінде импорттық өнімге сертифкат жоқ. Негізінен құжаттың түпнұсқасы тауар таратушы-көтерме саудалаушылардың қолында қалады. Бірақ, Юрий Севостьянов түсіндіргендей, тауар Қазақстан аумағында сатып алынса да, алып сатушылардың қолында құжаттар болуы тиіс. Өндірушінің немесе түпнұсқа құжатты иеленушінің мөрімен расталған куәландырылған көшірмесі де жарамды. Осылайша, кәсіпкерлер айыппұл төлеуден сақталады.

Аудандардағы кәсіпкерлерді жаңа нысандарғы санитарлық-эпидемиологиялық тұжырым алу мәселесі қызықтырды. Егер бизнесте эпидемиологиялық маңыздылық жоғары болса, бұл рәсім міндетті. Алайда тұрғындарға қауіп тудырмайтын болса да, айталық өндірістік тауарлар дүкені, істі бастамас бұрын СЭС-ке хабарлау керек. Санитарлық дәрігерлер уақытында жасамағандарға қалыпқа келтіруге кеңес берді. Әкімшілік жауапкершілікке тартылмас үшін жасалуы тиіс.

«Нысандар тұрғын үйлерден қаншалықты қашықтықта салынуы керек деген сауалдар берілді. Бұл жерде бекітілген талап бар. Тұрғын үйден 50 метр қашықтықта ешқандай нысан болмауы керек. Онымен қоса, санитарлық дәрігерлердің өндіріп алуы нысанға емес, кәсіпкерлік субъектісіне салынуы туралы бастама да көтерілді. Мысалы, кәсіп иесінің бес сауда орны болса, оларда ұқсас сәйкессіздік болса, әрбір орынға айыппұл салынады. Әрине, бұл қалтаға ауыр тиеді. Жалпы тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент өкілдері кәсіпкерлерге жеке тәртіпте кеңес беруге дайын екендерін айтты», – деп хабарлады Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Ренат Давлетпаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер