astana-view

Бас аспаз мамандықтың құпиясымен бөлісті

2017 жылғы 18 Наурыз
- Ақмола облысы
6484 просмотров

Көкшетаудағы танымал мейрамханада техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің студенттері үшін шеберлік-сыныбы өткізілді

Красный Яр ауылындағы №1 агротехникалық колледжде «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алатын бірінші курс студенттері үшін арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бұл бастамасын «Аристократ» ірі мейрамхана кешені қолдап, аспаз болуды қалаған жастарға арнап тренинг ұйымдастырды. Тренингті мейрамхананың бас аспазы Артем Львович жүргізді. Бесінші біліктілік дәрежесі мен он жылға жуық тәжірибесі бар маман «Rixos», «Lafayette», «Империал» сынды мекемелерде қызмет атқарған.

«Аристократ» мейрамхана кешені басқарушы директоры Бахытгуль Бекенованың айтуынша, Артем Львович болашақ аспаздарды оқытып, тәрбиелеуге белсен атсалысып келеді. Сонымен қатар аспадық шоуларға да жиі қатысады. «Аристократ» ашылған сәтті еуропалық және дәстүрлі шығыстық, ұлттық тағамдарға басымдық берген. Жас аспаздарға керемет әдістерді пайдалана отырып таңдаулы салаттарды дайындауды үйретіп қана қоймай, дастарханға қалай қою керектігінен де кеңес берді. Сондай-ақ, тағамдардың дәмін татуға да мүмкіндік берілді.

«Жастар үшін мұндай шеберлік сыныптары тәжірибе жүзінде аспаздық шеберлігін игеруге, құпияларына қанығуға мүмкіндік береді. Студенттердің басым бөлігі – шалғау ауылдардан келген, мұндай орындарға келіп, танысудың өзі олар үшін оңай емес. Кәсіпкерлер палатасы мен мейрамхана кешенінің әкімшілігіне осындай жағдай жасағандары үшін алғыс білдіремін», – дейді колледждің өндірістік тәжірибе бойынша аға шебері Ирина Иващенко.

Жұмысшы мамандықтарының әлеуетін арттыру үшін кәсіптік бағдарын іс-шаралар үнемі қолдау табады. Жалпы, 2016 жылы өңірдегі мектептер мен колледждерде 220 кәсіби бағдар жұмысын жүргіздік. Оған 6 мыңға жуық оқушы мен 3 мың студент қатысты», – деп атап өтті Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айжан Тәжмиева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер