astana-view

Іске сәт

2018 жылғы 11 Қаңтар
- Қызылорда облысы
4695 просмотров

Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықовтың пікірі

Мемлекет басшысының күні кеше жариялаған Қазақстан халқына арнаған Жолдауын толық тыңдап та, оқып та шықтым. Шынымды айтсақ, жыл сайын осы кезеңде Жолдауды асыға күтетін жағдайға жеттік. Себебі Жолдау жыл көлемінде атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар беретін жолбағдарымызға айналған.

Осы жерде Жолдауда айтылған мына мәселеге тоқталып өткім келеді.

Жолдауда Елбасы: «Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек»,-деп баса айтты.

Бұл мәселе өзіміз де көріп отырғандай нәтижесін беруде. Былтыр елімізде басталған «Бастау Бизнес» жобасы біздің облысымызда пилоттық режимде 5 ауданда: Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында өткен болатын. Жыл көлемінде 937 ауыл азаматы оқытылып, 358 азаматтың жобасы қаржыландырылды. Жоба біздің азаматтарымызды жаппай кәсіпкерлікке тартуға, жұмыспен қамтуға айтарлықтай сеп болды.

Мемлекет басшысы да бұл жұмысқа қатысты Жолдауда: «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары қолдауға тұрарлық», - деп жоғары бағасын берген.

Биыл да бұл жоба жалғасатын болады. Жоспар бойынша жобаға жоғарыда аталған 5 ауданнан өзге Жалағаш және Сырдария ауданының тұрғындары да қатыса алатын болды. Жыл ішінде 1600-ден астам қызылордалықты оқытуды көздеп отырмыз.  


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер