«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Жаңа Салық кодексінде барлық арнайы режим сақталған

14 Ақпан 2018 - Ақтөбе облысы
1152 просмотров

Бухгалтерлерге Салық кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндіруге арналған бейнеконференцияны 2-14 ақпан аралығында республиканың барлық өңірлерінде өткізу жоспарланған. Арнайы салық режимдерін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы Гүлмира Смағұлова түсіндірді.

Маманның айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінде барлық арнайы режимді сақтау қарастырылған, оның ішінде патент негізіндегі шағын бизнес субъектілері үшін әлеуметтік салықты алып тастаумен арнайы салық режимі бар. Сонымен қатар сауда саласында қызмет атқаратын тұлғалардың 2% мөлшерінде бекітілген қолма-қол ақша бойынша айналымында қолданылатын мөлшерлемесінен басқа, жеке табыс салығы 1% мөлшерінде бекітіледі.

«Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін табысы 2044 төменгі айлық көрсеткіш (жарты жылда 57,8 млн теңге) және жұмысшы саны 30 адамнан аспайтын бойынша бірдей бекітілген қысқартылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі сақталады. Сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін 2018 жылдан бастап кіріс пен шығысты жүргізуге негізделген, 12 260 төменгі айлық көрсеткіш пен жұмысшы саны 50 болатын шектік табыс бойынша жоғары критерийден астам бекітілген тиянақталған шегерімді қолданатын арнайы салық режимі енгізілді», - деп түсіндірді Гүлмира Смағұлова.

Жаңа салық режимі бойынша жалпы жылдық табыстың сомасынан қосымша 3% мөлшерінде тиянақталған шегерімді қолдану қарастырылған. Қосымша шегірімді қолданғанда, қосымшаны бірге есептегенде шегерімге жатқызылатын шығынның жалпы сомасы  жалпы жылдық табыстың 70%-нан аспау керек; еңбекақы төлеу қорынан ұқсас мөлшердегі шегерімнен басқа, еңбекақы төлеу қорынан салық салынатын табысты 100%-ға азайту бойынша нормалары.

«Агроөнеркәсіпкешені субъектілеріне арналған салық режимдері бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін жекелеген салық түрлерін 70%-ға азайту, мұнымен қоса ДСҰ талабына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынталандырудың балама шараларын енгізгендіктен ҚҚС есептелген сомасын 70%-ға азайту бойынша жеңілдік алынып тасталады», ­- деп хабарлады Гүлмира Смағұлова.

Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданылады. Оған көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Салық төлеушілер жыл басынан бастап салық есебінде қате жібермеу үшін барлық өзгерістерді біліп, айыппұл, өсімақы мен сот арызынан сақтану керек. Алайда заңнамадағы түзетулерді өздігінен түсіну қиын. Сондықтан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік палаталар арқылы бейне-байланыс режимінде түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Ұқсас жаңалықтар:

Серіктестер