astana-view

«Атамекен» қоғамдық бақылауды күшейтуді ұсынады

2018 жылғы 27 Наурыз
5328 просмотров

Сәйкесінше ұйымдар кәсіпкерлерді тәртіпке салатын болады

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Атырау облысы Қарабатан бекетіндегі жатақханада орын алған өрт, Ақтөбе облысының трассасында автобустың жануы, Астана қаласының тұрғын үйлеріндегі жедел сатылардың құлауы, қоғамдық тамақтану орындарындағы улану сынды оқиғалардың алдын алу шаралары бойынша сараптама жүргізіп, ұсыныстар әзірледі.

Жоғарыда аталған оқиғалардың басты орын алу себептерінің бірі адал емес кәсіпкерлік қызмет және қауіпсіздік шараларының орындамауы. «Атамекен» ҚР ҰКП тек заңға бағынатын әрі адал кәсіпкерлерді қорғайды.

Заңбұзушылықтарды азайту мақсатында төменде көрсетілген жолдар ұсынылады. Біріншіден, тұтынушылар құқығын қорғайтын қоғам құруды басты назарда ұстау. Елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің, бизнестің, сонымен қатар қоғамның құрамдас бөлігі ретінде тұтынушылардың мүдделерін тең дәрежеде қарастыратын жүйе құруды қажет деп санаймыз.

Мемлекеттік бақылау төмендеп, тексерулер саны азаюының салдарынан кәсіпкерлік салаға вакуум орнауы нәтижесінде бассыздық орын алмау мақсатында тұтынушылардың құқығын қорғайтын қоғам құру арқылы «Атамекен» қоғамдық бақылауды күшейтуді ұсынады.

Сәйкесінше ұйымдар қоғамның мүддесін қорғап, кәсіпкерлерді тәртіпке салу мен заңға бағынуын қамтамасыз етеді.

Аталмыш қоғамға кәсіби мамандардың келуі үшін дамудың бастапқы сатыларында бюджеттік қаржыландыру, қолдау бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орындау және тұтынушылар құқығын қорғайтын қоғам құру мүмкін екендігі белгілі. 

Екіншіден, бұқараның құқығын бұзу және шектеу қауіпі бар салаларда кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды күшейту қажет.

Мәселен, автобустардағы пайда болған өрт автобустар мен қалалық автобустық тасымалдау салаларында қажет үлкен реформалардың бар екендігін көрсетті.

«Атамекен» мемлекеттік органдармен (ҚР Инвестиция және даму министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі) бірлесе автобустық тасымалдауды дамытуға байланысты Кешенді бағдарлама (Жол картасын) әзірледі. Аталмыш бағдарламада автобустық тасымалдауды жүзеге асыру барысында жауапкершілік пен талаптарды күшейту қарастырылды.

Жолаушыларды электрондық билеттеу, үлгілік шарт бойынша тұрақты автобустық бағыттардың тасымалдаушылар мен ұйымдастырушыларының жауапкершілігін реттеу, тұрақты емес қала аралық және халықаралық бағыттарды қолдану мерзімдері бойынша (2019 жылдан бастап 25 жастан үлкен және 2025 жылдан бастап 12 жастан үлкен) автобустарды пайдалануды шектеуді кезең-кезеңмен жүргізу, М3 санатындағы (габариттік ұзындығы 10,5-тен астам, ал салмағы 5т асатын) ірі автобустарды тіркеуге тыйым салу сынды жаңашылдықтар енгізу жоспарда.

Қазіргі уақытта бағдарлама мемлекеттік органдармен келісу барысында. Келісу нәтижесінде бағдарлама ҚР Үкімет отырысына ұсынылатын болады.

Сәйкесінше лифт қызметі саласында талаптарды күшейту қажеттігі бар.

Жалпы алғанда, лифт қызметі мен оны жөндеу жұмыстары бойынша рұқсат беру 2012 жылдан бері бар және ол уақытта «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысын бастамаған уақыт еді. Сонымен қатар, рұқсат беру бұл жағдайда панацея емес, себебі ол арқылы тек нарыққа шығу мүмкіндігін шектеуге болатындығы белгілі.

Жағдайдың шиеленісуінің негізгі себептері уәкілетті органдар тарапынан тиесілі бақылаудың болмауы лифттерді қолдану қауіпсіздігін сақтауды бақылау тек тұрғын-үй коммуналдық обьектілеріне ғана әсер ететін «Азаматтық қорғау туралы»  ҚР заңы мен кәсіпкерлік кодексінде тек қадағалау бекітілгендігіндегі екі заңнамадағы қайшылықтардан екендігі анықталды. Аталмыш жағдайлар әсерінен мемлекеттік органдар тексерістер жүргізе алмау нәтижесінде сәйкесінше органдар қателіктерді жоюға әрекет ете алмайды.

Сонымен қатар, Қазақстанда Үкіметтік емес стандарт СИ-18-2017 «Лифттер, эскалаторлар, мүгедектерге арналған көтеру құралдары. Қолдану ережелері, құрал-жабдықтарға бағытталған қауіпсіздік талаптары, сервистік қызмет көрсету мен орнату» (бұдан әрі ҮЕС) қызмет етеді. ҮЕС-да лифттік жабдықтарға қойылатын талаптардың барлығы бар және лифттер қызметін көрсететін кәсіпорындарға талаптар қоюды.

Құжаттың дәрежесін Ұлттық стандарттарға дейін көтеруді талап етеміз және оның нәтижесінде мемлекеттік органдар талаптардың сақталуын қадағалау мүмкіндігі туып, құжатты сілтемелі құқықтық акт ретінде қолдануға болады. Қазіргі уақытта Үкіметтік емес стандарттарды Ұлттық стандарттарға ауыстыру өтініші жіберілді. Шамамен Ұлттық стандарттарды қабылдау мерзімі – 2018 жылдың шілдесі.

Нәтижесінде сәйкесінше нормативтік құқықтық акті жергілікті атқарушы органдар Ұлттық стандарттардың талаптарын орындауда лифтерді қызметі және жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты ережелер қарастырылды.

Соңында, «Атамекен» ҚР ҰКП қоғамдық тамақтану, қонақ үй, сауда орталығы, такси тасымалдау компаниялары сынды обьектілер арасында Ұлттық рейтинг жүйесін ұйымдастыруды ұсынады.

Біздің ойымызша қазақстандық бизнестің аяққа тұруы аяқталып келеді және ендігі шығарылатын тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, нарықта халықаралық дәрежеде қазақстандық брэнд қалыптастыратын уақыт келді.

Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету үшін «адал бәсекелестік пен жарыспалылық» ұстанымы арқылы ең бірінші кезекте ұсынылатын тауар, жұмыс және қызметтердің сапасын жақсартуға қол жеткізуге болады.

Бұл арада құрал ретінде рейтингтер жүйесі жұмыс істеп, тұтынушының ойына сәйкес тәуелсіз баға беру мен кәсіпкерлік қызметтің субьектілерін сапқа түзеу, бизнес-процесстерді оңтайландыру мақсатында ресми қаржылық есеп жүргізу, жергілікті және халықаралық нарықта бизнес үшін әділ әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастар принципін орнықтыруға мүмкіндік болады.

Осылайша, бірінші кезекте тұтынушының ойы ескерілетін рейтингтер жүйесі бизнесті тауар, жұмыс және қызметтің сапасын жақсартуға ынталандырып, тұтынушыға бағытталуын арттырады.  

Халықаралық рейтингтердің көзге түсетіні қоғамдық тамақтану саласы бойынша Мишленнің қызыл гиді, Халықаралық туристтік ұйымның қонақ үйлерді жұлдыз арқылы санаттарға бөлу жүйесі.

Кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында Ұлттық рейтинг жүйесін мемлекеттік бақылау жүйесімен байланыстырып, рейтингте жоғары орындағылар үшін тексерулер аз болу сынды жұмыс жүргізуге мүмкіндік бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер