astana-view

Кәсіпкерлерге қор нарығының негіздері тегін оқытылады

2018 жылғы 17 Сәуір
- Алматы қаласы
4032 просмотров

26 сәуірге «Қор нарығының негіздері» тақырыбында арнайы оқу курсы жоспарланған

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның қор нарығы (KASE) арасында жасалған меморандум аясында 26 сәуірде «Даму» қорының кеңсесінде (Алматы қ., Гоголь көшесі 111) «Қор нарығының негіздері» тақырыбында оқу өтеді.

Басқа қалалардағы тыңдаушылар үшін «Даму» қорының филиалдарында бейне байланыс арқылы қатысу мүмкіндігі қарастырылған (филиалдардың мекенжайлары).

Іс-шара аясында Қазақстан компанияларындағы қызметкерлердің отандық қор нарығы туралы хабардарлығы мәселесі көтеріледі. Оқу бағдарламасы тыңдаушыларға қор нарығында банк несиесіне балама ретінде қаржыландыруды тартуға қатысты практикалық білім беру қарастырылған.

Іс-шарада негізгі спикер ретінде KASE сарапшылары мен Қазақстан брокерлік компанияларының сарапшылары сөз сөйлейді.

Тіркелу үшін 24 сәуірге дейін customers@kase.kz адресіне немесе сілтеме бойынша өтінім қалдыру керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер