astana-view

«Атамекен» 100 мың жаңа ІТ-маманын оқытуды ұсынып отыр

2018 жылғы 19 Сәуір
3055 просмотров

Шалғай аудандардағы ІТ-мамандар әлемнің ірі мегополистерінде қызмет көрсете алады

Бұл бастаманы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев Павлодар облысы «Нұр Отан» партиясының филиалында өткен кездесу барысында айтты.

«Мемлекеттің цифрландыру үдерісі– бұл компанияларға жағдай жасап, технологиялық кәсіпкерлікке арналған тиімді экожүйе құру ғана емес, сонымен қатар адамдарға жаңа машықтарды, оның ішінде ІТ-мүмкіндіктерді үйрету болып табылады», – деді Эльдар Жұмағазиев.  

Басқарма Төрағасының айтуынша әлемде жүздеген фриланс-биржалар бар, онда күніне әлемнің түкпір-түкпірінен түрлі алаңдарда шамамен 10 млн ІТ-тапсырыстар жасалады. Бұл нарықтың сыйымдылығы орташа есеппен алғанда 3,5 трлн АҚШ долларын құрайды, мұнда 57 млн адам табыс тауып отыр.  

 «Отандық ІТ-сегментінің айтарлықтай өсіру мақсатында қысқа мерзімді ІТ-оқытуды жаппай енгізу қажет деп санаймын. Балтық бойындағы елдердің (Эстония, Литва и Латвия – Еуропада IT секторын дамытудағы көшбасылардың бірі) цифрлық машыққа оқытудағы оң тәжірибесін ескере отырып, ең тиімді жол – қысқа мерзімде жаппай оқыту курстарын ұйымдастыру (1-6 ай). Оқытудың мұндай түрі мамандарға маңызды білім беруге мүмкіндік береді», – деді спикер.

 Жоба аясында 20 өңірлік мектеп ашу, 40 тәлімгер ментор, фриланс биржасында анағұрлым сұранысқа ие машықтар бойынша оқыту бағдарламалары дайындау ұсынылып отыр, сондай-ақ бітірушілерді тапсырыс алғанға дейін 1 жыл бойы сүйемелдеу қарастырылған.

Эльдар Жұмағазиевтың пайымдауынша жобаны іске асырудың кезеңдері:

1.      Биржада ең көп сұранысқа ие машықтарға талдау жасау;

2.      Қысқа мерзімді бағдарлама әзірлеу;

3.      Жаппай оқыту (3 жылда 100 азаматты оқыту мүмкіндігі);

4.      Бітірушілерді халықаралық биржадан тапсырыс алғанға дейін сүйемелдеу.

«Бүгінде оқытуды бастауға болатын сұранысқа ие машыққа мобильді өңдеу, веб өңдеу, Java және Python бағдарламалау тілдері жатады.Әдістемелік орталық сұранысқа ие тапсырыстарға тұрақты түрде  мониторинг жүргізеді. Бұл мониторинг нарық конъектурасына жедел әрекет етуге және оқытудың жаңа бағдарламаларын қосуға мүмкіндік береді», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

«Атамекен» өкілдері сыртқы нарыққа бағдарлану – жұмыс күші мол аймақтардың өзінде тұратын халықты нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп санайды. 100 мың азамат оқытылса, фриланс режимінде 20 мың адам жұмыс істеп, Қазақстанда шамамен 10 мың адам жұмысқа орналасады.

 «Осылайша Қазақстанның жас азаматы шалғай ауданда тұрса да әлемнің ірі мегополистерінде орналасқан компанияларға қызмет көрсете алады», – деп түйіндеді Эльдар Жұмағазиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер