astana-view

«Баспана» ипотекалық ұйымын құру қолға алынбақ

2018 жылғы 16 Мамыр
9192 просмотров

«7-20-25». Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасын іске асырудың қаржылық операторы ретінде ҚР Ұлттық Банкінің еншілес кәсіпорны «Баспана» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы формасында құрылады.  Ұйымның мекенжайы Алматы қаласында орналасады деп жоспарланған.

Бағдарламаны жүзеге асыруда мына мақсаттар қойылған: халыққа тұрғын үй ипотекалық несиелердің қолжетімділігн арттыру, ипотекалық несиелеуге жұмылған қаржылық институттар, қажетті өтемпаздықты қамтамасыз ету (ипотекалық қарызды берген соң оларды төлеу үшін 25 жыл  күтудің қажеті жоқ, банктер осы несиелер бойынша талап құқығын қарыз алушының өзіне қалдырады және қаражат есебінен несие циклін жаңарта алады).  

Акционерлік қоғамның атқаратын қызмет түрлері:

 - ипотекалық несиені беру; факторингтік операциялар, төлемеу тәуекелін қабылдаумен бірге тауар (жұмыс, қызмет көрсету) сатып алушыдан сатып алу құқығын алу (екінші деңгейлі банктерден ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша талаптар құқығын сатып алу);

 -екінші деңгейлі банктерге ипотекалық тұрғын үй несиелерін кері қайта табыстау;

- бағдарламаларды (оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларға) әзірлеу, жүзеге асыру және қаржыландыруға қатысу, тұрғын үй несиелеудің қолжетімділігін арттыру.  

Ұсынылып отырған бағдарлама көлемі 5 жыл ішінде шамамен 1 трлн теңгені құрамақ.

 Осы бағытта сұрақтар туындаса «Атамекен» ҚР ҰКП Экономика департаментіне хабаралсуға болады: 8 (7172) 91 93 42 (ішкі:1862, 1826), почта: a.seksembayeva@atameken.kz


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер