astana-view

Павлодарлық іскер әйел сұйық жұмыртқа өндірісін қолға алды

2018 жылғы 17 Мамыр
- Павлодар облысы
8975 просмотров

Тауық жұмыртқасы – тамақтануда маңызды азықтың бірі, кондитерлік, нан-тоқаш, макарон өнімдерін даярлауда таптырмас шикізат. Оған талас жоқ. Алайда бұл өнімнің бір осал тұсы бар – ол тасымалдау кезіндегі сынғыштығы. Осы мәселені шешуге павлодарлық кәсіпкер Рымкеш Мұсалинова кірісті. Іскер әйел сұйық жұмыртқа немесе «Ыңғайлы жұмыртқа» атты өндіріс бойынша жобасын дамытып отыр.

«Өндірушілер дәстүрлі жұмыртқа шикізатымен жұмыс істеуге дағдыланған. Ал ол өз кезегінде жұмыртқа тасымалдау кезінде сынғыш келеді, сақтауға да ыңғайсыз. Немесе біреуге денсаулығына байланысты сары уызды жеуге болмайды. Мәселен, мен күнде таңертең әжеме жұмыртақынын ағынан омлет дайындап беремін. Ал сары уызы қолданыссыз қалып қояды. Осы кезде бізде жұмыртқа өінімі неге бөлек сатылмайды деген ойға келдім. Нарықты зерттеп, өндірістік қаптамаға оралған дайын жұмыртқа өнімі қажет екеніне көзім жетті», – дейді Рымкеш Мұсалинова.

«Аргаяша» жеке кәсіпкерлігі 2017 жылы «OVUM» арнайы жобасы аясында жұмыртқа өнімдері, жартылай дайын өнім, үгілген қабықты өндіру мақсатында құрылған. Бастауыш кәсіпкер жұмыртқа өнімдері технологиясы пайдалануға дайын экологиялық таза, өте сапалы диеталық өнім алуға мүмкіндік береді. Осы ретте техникалық регламенттің талабы бойынша түрлі консерванттарды қолдануға тиім салынған.

 «Технология бойынша біз тек 1 санаттағы жұмыртқаны пайдаланамыз. Бірінші кезеңде жұмыртқа дизинфекциядан өтеді, кептіріледі. Сұйық жұмыртқа өінімі үш түрде шығарамыз: бөлек ақуыз, бөлек сарыуыз және меланж – ақуыз бен сарыуыз араласқан қоспа.  Дайын өнім 0,5 литрлік зарарсыздандырылған пластик шөлмекке құйылады. Шөлмектерді  қашықтықта тасымалдау оңай,  ұзақ сақтау, түрлі аспаздық және жартылай өнімдерді дайындауда ыңғайлы. Ал қоғамдық тамақтану кәсіпорындар үшін мұндай өнімнің кәдімгі жұмыртқадан артықшылығы шаш етектен. Олар еңбек шығынын және тағам дайындауда уақыт үнемдеуге жол ашады», – деді кәсіпкер.

 Іскер әйел  ӨКП «Бизнес мектебінің» «Бизнес-Кеңесші» құрауышын тәмамдады. Ол Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі. Бастаған кәсібі енді ғана жетіліп жатқанына қарамастан Рымкеш Мұсалинова қайырымдылық шараларға белсенді қатысады.

Қазіргі таңда белсенді келіншек өндірісті кеңейтіп, сұйық жұмыртқаларды пайдаланып, жартылай дайын өнімдерді шығаруды қолға алмақ. Мәселен, құймақтарды пісіруге арналған дайын қоспаны шығару идеясы бар. Ал бұл үй шаруашылығындағы әйелдерге тағы бір мүмкіндік. Айта кетелік, «Аргаяша»  жеке кәсіпкерлігі компаниясындағы өндіріс қалдықсыз. Жұмыртқа қабығынан да өнім шығарылады. Қабық – кальций мен пайдалы заттардың қайнар көзі. Ол адамдар денсаулығы үшін, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығында қажет.

«Осы бағытты дамытпақпыз. Қазіргі таңда бұл өнімге еліміздің ірі сауда желілері қызығушылық танытуда. Тапсырыстар Астана, Алматы, Қарағанды қалаларынан түсіп жатыр. Өніммен бірге «мәзірлер топтасымасы» қоса беріледі.  Барлық мәзірлер бірегей, оларды білікті маман әзірлеген. Ары қарай өндірісті ұлғайтпақпыз», – деді кәсіпкер.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер