astana-view

Іскерлік шараларды хабарлайтын мобильді қосымша

2018 жылғы 17 Шілде
- Алматы қаласы
5685 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай және Business Event Network ақпараттық сервистің жетекішісі   Яна Исакова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум Алматы қаласы мен әлемде өтетеін іскерлік іс-шаралар жайында ақпарат алмасуды қарастырады.

«Біз кәсіпкерлерге уақтылы және пайдалы контент алуға көмектесеміз. Business Event Network мобильді қосымшасы іскерлік байланыстар санын арттырады оынң ішіне шетелдік іс-шараларға қатысу және қазақстандық компаниялардың сыртқы нарықтарға кіруі бойынша байланыс нығайтуға мүмкіндік көп», – Бағдат Телебай.

 «Business Event Network» – қажетті іс-шараны іздеуде уақыт үнемдеуге, көрме/тренинг/форум қашан және қайда өтетінін нақты білуге көмектесетін, жеке кәсіп ашуда көп мүмкіндік беретін іскерлік әлеуметтік желі болып табылады. Мобильді қосымшада Қазақстан мен әлемде бизнестің 40 саласы бойынша өтіп жатқан 3000-нан астам іс-шаралар туралы ақпарат қамтыған, әрі ақпараттар күнделікті жаңарып отырады. База деректері тіркелген қатысушыларға қолжетімді.

Қазіргі таңда әсіресе өңірлік жерлерде белсенді аудиторияны ақппараттандыру бойынша мәселе көп. Бұл жағдай отандық және шетелдік іскерлік байланыс орнатуда түйткіл болып тұр. Біздің ресурсқа деген сұраныс үлкен. Мұндай ресурстың Қазақстанда баламасы жоқ», – деді Яна Исакова.


Қазіргі таңда «Business Event Network» мобильді қосымшаны күнделікті 7000 тұтынушы қолданады. Қосымша PlayMarket және AppStore платформаларында қол жетімді. Жоба сайты www.benevent.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер