«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау: жаңа ережелер

10 Қазан 2018 - Ақтөбе облысы
282 просмотров

Қазақстанда асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялаудың нормативті ережелері өзгерді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары ақтөбелік шаруаларға субсидиялар алудың жаңа талаптары туралы әңгімелеп берді. Кездесу Өңірлік кәсіпкерлік палатасында өтті.

Түсіндіру жұмыстарына шаруа және фермер қожалықтарының 20-ға тарта өкілі қатысты. Олар бұл өзгерістерді тағатсыздана күткен еді. Бүгінгі күні кәсіпкерліктің ең тәуекелді саласына жұмсалған әрбір тиын мен мемлекеттік қолдау шараларын алу өте маңызды, десті бірауыздан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер. 

ҰКП сарапшысы Қуандық Чункунов Субидиялаудың жаңа талаптарындағы өзгерістер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін өте маңызды екенін атап өтті.

«Егер бұрынғы ережелерде асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидялау әрбір өгізше басын бордақылау мен баққаны үшін берілсе, енді ол саты-сатымен жүзеге асырылымақ. Мемлекет әрбір артық келі үшін 200 теңге субсидия бөледі. Бұл малды тапсыруға қатысты. Және бордақылау алаңын іске асыру әр қосқан киллограмм сайын 200 теңгеге және әрі қарай өңдеуге субсидия жұмсалады, онда малдың таза етінің салмағына 175 теңге беріледі»,– дейді «Атамекен» ҚР ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің сарапшысы Қуандық Чункунов.

«Атамекеннің» сарапшысы жаңа субсидиялау ережелерінің тәсілдемелерін толық түсіндіріп, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді. .

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, аймақтағы шаруалар көрші мемлекеттегі тұрақсыз жағдайдың салдарынан Қазақстан тарапынан уақытша шектеулердің болуына байланысты Ресейдің бірқатар аймақтарынан асыл тұқымды малды әкелуге тыйым салу туралы мәселенің шешілуіне үміт білдірді. Бүгінігі күні Ақтөбе облысында шекаралас мемлекеттен мал алу туралы келісім-шарт жасасып, алдын ала кепілақы төлеп қойған бірнеше шаруашылық бар. Шаруалар ақшасынан бір, малынан екі айырылып қаламыз ба деп уайымдайды. Несие бойынша төлеуді де бастау керек. Бұлай деушілердің дені - «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан несие алушылар.

Астаналық сарапшылар бұл мәселе мен оның шешу жолдарын бақылауда ұстайтындықтарын жеткізді. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге келесіде мұқият болуларын және мал сатып алу туралы келісімшарт толтыру кезінде форс-мажорлық жағдайларды белгілеуді ұсынды.

Кездесуді қорытындылай келе, Қуандық Чункунов ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін талқыланған мәселенің өте маңызды екенін және тұтастай алғанда ауыл  шаруашылығы кәсіпорындарын одан әрі дамыту үшін жауапкершілік пен және кәсібиліктің қажеттігін атап өтті. Шаруалар кездесуде өздеріне қажетті мәліметтерді тыңдап, Ұлттық палата өкілдерінен өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер