astana-view

Астанада «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау басталды

2018 жылғы 11 Желтоқсан
3848 просмотров

Астанада ЭКСПО Конгресс орталығында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының  жеңімпаздарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз-2018» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі басталды.

Биылғы жылы  «Алтын сапа» конкурсына 182 кәсіпорын, оның ішінде 78 -і шағын кәсіпкерлік,  76-сы орта және 28 -і ірі кәсіпкерлік нысаны.

Жеңімпаздар төрт номинация бойынша сайысқа түсті: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын». 

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына биыл 153 шағын, орта, ірі бизнес субъектілері іріктеліп алынып, жеңімпаздар анықталады. 

Осынау ауқымды шара барысында «Ұлы дала елі» ортақ бренді байқауының жеңімпаздары мен  «Атамекен» ҚР ҰКП бекіткен «Iскер» арнайы сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болады. 

Марапаттау Мемлекет басшысының қатысуымен «Индустриаландырудың екінші бесжылдығы» жалпыұлттық телекөпірінің аясында өтеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер