astana-view

Сарапшылар Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтар туралы айтты

2019 жылғы 18 Қаңтар
- Алматы қаласы
3637 просмотров

Босану мен бала күтіміне қатысты әлеуметтік демалыстар  қалай өзгерді, «экологиялық» қосымша төлемдер кімге тиесілі және зейнеткерлік демалысқа байланысты қызметкерді қысқартуға бола ма – осы және өзге де сұрақтар Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен Бухгалтерлер клубының кезекті жиынында талқыланды

Клубтың XXIX кездесуінің тақырыптары бухгалтерлік есептеулер шотының үлгілік жоспарына енгізілген өзгерістер, Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия конфигурациясының өзгеруі – 3.0.24.2 шоттар жоспарының өзгеруімен релиз, сонымен қатар 2019 жылы Еңбек кодексіндегі өзгерістер болды. Сонымен қатар қатысушылар Бухгалтерлер клубы шеңберінде өткен «Корпоративті табыс салығы-2018» семинарынан кейін алынған сұрақтарға жауап алды.

Еңбек кодесіндегі жаңашылдықтармен қатысушыларды еңбек заңнамасы бойынша маман, ЕҚЫҰ сертификатталған тренері Ирина Лазутина таныстырды.

 Оның айтуынша,  2018 жылы айтарлықтай өзгерістер орын алған. Мәселен өзгерістер босану және бала күтімі бойынша әлеуметтік демалыстарды қамтыды.

 «Демалыстың жалпы ұзақтығы өзгерген жоқ, Еңбек кодексіне жай ғана босануға дейін демалыс және босанудан кейінгі демалыс ұзақтығы бойынша өзгерістер жасалды. Бұрын Кодексте жалпы ұзақтылық берілсе, енді екі кезең екі бөлек қаралады. Сонымен қатар мерзімінен ерте босанған немесе қиын босанған әйелдерге бөлек тармақтар жазылған», – деді Ирина Лазутина.

 Жүктілік және босану бойынша демалыстар өзгерістері жайында толығырақ мұнда танысуға болады.

 Спикер экологиялық зиян жерлерде жұмыс істейтіндерге арналған қосымша төлемдер жайында ақпарат берді. Еңбек кодексі 2018 жылы екі баппен толықты, онда экологиялық апаттар мен радиациялық қауіпті аймақтардағы жұмыс істейтін қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер және бітімгершілік операцияларына қатысқан қызметкерлерге кепілдеме қарастырылған. Экологиялық қосымша төлемді және қосымша еңбек демалысын алу үшін аталған аймақтарда тұрып, жұмыс істеу керек.

 «Бірінші бапта осы өңірлерде жұмыс істейтін адамдар туралы айтылған, яғни егер алматылық Семей қаласында жұмыс істесе, онда бұл қызметкер осы төлемдерді алады, Ал Алматыда жұмыс істейтін – алмайды», – деп түсіндірді ол.

 Спикер еңбек қатынастарымен байланысты ең өзекті мәселе – зейнеткерлік жастағы қызметкерді кім және қашан қысақарта алатынына қатысты жауап берді.

 «2016 жыл 1 қаңтардан бастап іске асқан Кодексімізде белгілі бір жағдайларда зейнеткерлікке шыққан қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату бойынша негіз болды, бірақ бұл дәйектер түрліше қолданыс тапқан болатын. Яғни еңбек шартын зейнеткерлік жасқа дейін бұзамыз – бір ай бұрын хабарлаймыз немесе зейнеткерлік жас келгенде хабарлаймыз. Бизнес құрылымдар үшін қызметкер зейнеткерлік жасқа жетсе еңбек шарттарын бұзу – міндетті емес процедура. Мемлекеттік құрылымдарға қарағанда бұл процедураны орындау орындамау жұмыс берушінің жеке құқығы», – деді Ирина Лазутина.

Еңбек кодексіне тағы бір өзгеріс енгізілді – енді ауыр жұмыспен айналысатын, зиянды және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайында жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне сырттай жұмысқа орналасуға болады.

 «Үкімет зиынды жерде жұмыс істейтіндер ішінде  медицина қызметкерлеріне қатысты жағдайды ескерді. Демек, зиян жерде жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне қосымша жұмысқа тұру рұқсат етіледі. Бұл артықшылық пратикада жиі орын алуына байланысты, сонымен қатар мамандар тапшылығы да бар», – деді спикер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер