«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Меню
Қаз

Atameken Business Channel

Басшылық

Мырзахметов Абылай Исабекұлы

«Атамекен»ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы


1969 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік-Қазақстан облысында туылған.

• 1992 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

• Экономика ғылымдарының кандидаты.

• 1992-1994 жж. – «Концерн Алтын-Алма» АҚ қаржы директоры лауазымын атқарды.

• 1995-1997 жж. – «Айсель-Казахстан» ЖАҚ бас директоры.

• 1997-1998 жж. – «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының бірінші орынбасары.

• 1998-2001 жж. – «Қазақстан темір жолы» РМК бас директоры.

• 2001-2002 жж. – ҚР Көлік және коммуникациялар министрі.

• 2002–2004 жж. – «DALA GROUP» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі.

• 2005-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) төрағасы.

• 2007 жылдан – «Атамекен» Одағы Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының Басқарма мүшесі.

• 2011-2012 жж. – ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы ЗТБ президенті.

• 2011 жылдан 2013 жылға дейін – «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы Басқармасының төрағасы.

• 2013 жылдың қыркүйегінен бастап – «Атамекен»ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы.


Жунусова Дана Бейсенқызы

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары


1985 жылы 30 мамырда Целиноград қаласында туған.

• Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін 2006 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

• Қазіргі уақытта Еуропа Университетінің бағдарламасы бойынша Халықаралық Бизнес Академиясының магистранты.

• Еңбек жолын 2003 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас маманы болып бастаған.

• 2007-2008 жж. – «Астана-Финанс» АҚ бас менеджері.

• 2008-2011 жж. – «2011 жылдағы 7-ші қысқы Азия ойындары Ұйымдастыру комитетінің Атқарушы дирекциясы» АҚ департаменті директоры

• 2011-2012 жж. – «Құлагер» ҚК» ЖШС бас менеджері.

• 2013-2015 жж. – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тариф қалыптастыру департаменті директорының орынбасары, Экономикалық ықпалдастық департаменті директорының орынбасары, Экономикалық ықпалдастық департаментінің директоры, Өнеркәсіптік және инвестициялық саясат департаменті директоры.

• 2015 ж. қазан - 2016 ж. мамыр – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының Орынбасары м.а. – Экономикалық ықпалдастық департаментінің директоры.

• 2016 ж. мамыр – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары

• ІІ дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» ЕАЭО мүше-мемлекеттер Басшыларының медалімен, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы, достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы айтарлықтай үлесі үшін ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

• «Экономикалық ықпалдастықты дамыту мен Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Алғыс хатын алған.

Жүрсінов Рустам Манарбекұлы

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары


1976 жылы 16 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

• 1998 жылы ҚазМЗУ, 2000 ж. ҚазМБА үздік аяқтаған. 2013 – Мәскеулік «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебінің Executive MBA тамамдаған.

• 1997-1999 жж.  «GRATA»заң фирмасының заңгері қызметін атқарған.

• 1999-2002  жж.  ҚР Мемлекеттік табыс министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары

• 2002-2003 жж.- «GRATA» заң фирмасының серіктесі

• 2003 ж. – «ҚазМұнайТеңіз» ТҰК» ЖАҚ  Жобаларды құқықтық сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары

• 2003-2007 жж.  «ҚазМұнайГаз-Консалтинг» АҚ Құқықтық консалтинг жөніндегі атқарушы директоры

• 2007-2009 жж.- «ҚазМұнайГаз-Консалтинг» АҚ ,  «Olympex Advisers» ЖШС президенті

• 2009-2011жж. – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құқық мәселелері жөніндегі басқарушы директор

• 2011- 2012 жж. – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  Басқарушы директор-Заң департаментінің директоры

• 2012 ж. «Petroleum Holding» ЖШС бас директоры

• 2012-2015 жж.  «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры

• 2015 ж. – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары

Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары


• 1973 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

• Атырау мұнай және газ институтының мехника факультетін (1996 ж.), РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын «Саясаттану» мамандығы бойынша (2007 ж.) тәмамдаған.

• 1996­-2002 жж. - бірқатар жекеменшік компанияларда басшылық қызметте болған. 

• 2002-2006 жж. - Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің жастар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы, аталған департамент директорының орынбасары.

• 2006-2011 жж. - өңірлік басты медиахолдинг – «Атырау-Ақпарат» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорнын басқарған.

• 2011-2012 жж. - Атырау облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы.

• 2014-2016 жж. - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Аппарат басшысының орынбасары.

• 2016 ж. ақпан - 2017 ж. қаңтар - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Аппарат басшысы.

• 2017 ж. ақпан - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары.

Қаржауов Олжас Есалханұлы

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары


Рамазанов Елдос Мұратұлы

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары


1971 жылы 15 қарашада дүниеге келген.

• М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша аяқтап (1993ж.), кейін Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде заңгер мамандығын тамамдаған (2002 ж.)

• 1992-1997 жж. – жеке меншік коммерциялық және мемлекеттік құрылымдарда басшы лауазымдарда болған.

• 1997-1998 жж. – «БанкТұранӘлем» ЖАҚ Ақмола филиалында саудадан тыс операциялар бөлімінің бастығы,  экономикалық талдау секторының меңгерушісі

• 1998 ж. – "Астана темiр жолы" ҚСД "Қазақстан темір жолы" РМК бастығының орынбасары

• 1998-2000 жж. – «Астана» қаржы-экономикалық орталығының бастығы, «Қазақстан темір жолы» РМК Қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасы бастығының орынбасары.

• 2000-2002 жж. – "Intertrade GmbH" (ГФР) бас директорының орынбасары (Германия).

• 2003-2004 жж. – "Агрохимия" ЖШС қаржы директоры.

• 2004-2006 жж. – ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі аппаратының басшысы – Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары.

• 2006-2007 жж. – "KAZENERGY" Қоғамдық қорының атқарушы директоры.

• 2007 ж. – «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директорының орынбасары – ақпараттық-талдамалық орталығының директоры.

• 2007 ж. – "ҚазТрансГаз" АҚ бас директоры аппаратының басшысы

• 2007-2009 жж. – «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

• 2009-2011 жж. – «Бүркіт» қаржы-өнеркәсіптік корпорациясы» бас директорының орынбасары.

• 2011-2012 жж. – ҚР Сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті.

• 2011-2013 жж. – Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы Басқарма төрағасының орынбасары.

• 2013ж. қыркүйек - 2016 ж. қаңтар  – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Аппарат басшысы.

• 2016 ж. қаңтар  – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары.

Якупбаева Юлия Константиновна

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары


1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

• Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған (1998 г.).

• Еңбек қызметін 1998 жылы  ҚР Ұлттық банк құрылымындағы Қаржылық қадағалау департаментінде 4 жыл жетекші маман, кейін бас маман қызметін атқарған.

• 2002-2007 жж. – Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қаржы мәселелері жөніндегі сарапшысы, Құнды қағаздар нарығы және зейтетақы секторы жөніндегі департамент директоры.

• 2007-2011 жж. – Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушы директоры.

• 2011-2012 жж. – Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы кеңесінің Басқарма төрағасының орынбасары.

• 2012-2013 жж. – «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Басқарма мүшесі - басқарушы директоры. Қаржы секторы, салық салу, тариф белгілеу және бәсекелестікке қатысты бағыттардағы жұмысқа басшылық жасады.

• 2013 ж. қараша – 2014 ж. қазан – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасының кеңесшісі.

• Бірқатар компанияларда, оның ішінде «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ, «қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңестерінің мүшесі – тәуелсіз директор қызметтерін атқарған.

• Әр жылдарда «АӨҚО» рейтинг агенттігі» АҚ, «Қазақстанның қор биржасы» АҚ Сараптық комитетінің мүшесі болған.

• 2014 жылғы қазаннан бастап – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма Төрағасының орынбасары.

• «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен, «Үздік қаржыгер» Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының медалімен, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП ІІ дәрежелі «Еңбекке адалдығы үшін» медалімен марапатталған. 

Серіктестер