«Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі
ҚР Ұлттық палата қамқорлығымен тұрақты түрде әрекет ететін жұмыс органы – Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес құрылды, өңірлік палаталарда да сәйкесінше осындай Кеңестер жұмыс жасауда. Орталық кеңестің құрамына депутаттар, Бас прокуратура мен Мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік өкілдері, заңгер-практиктер, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері кіреді. Кеңес төрағасы – Ғани Қасымов.
Ай сайынғы отырыстарда Кеңес мүшелері бизнес субъектілерінің заңды мүдделерінің аяққа тапталуына байланысты нақты жағдайлардың шешімін табуға тырысады, оған кәсіпкерлердің өздері және өкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары қатысады. Бизнес-қоғамдастық өкілдері шенеуніктермен тікелей әңгімелесіп, оларға өз проблемалары туралы сауалдар қоюға мүмкіндік алады. Кеңес отырысы соңында қатысушылар қарарлар қабылдап, оның негізінде Ұлттық палата қандай да бір кәсіпкерді қорғау және туындаған жүйелі проблемаларды шешу үшін тиісті қадамдар жасайды.
Кеңес қызметі БАҚ және блогерлер арасында кеңінен насихатталады, ал бұл Кеңестің қоғамдық бақылауын күшейтеді. Сондықтан Кеңесте мәселесі қаралатын кез келген кәсіпкер проблемасы шешілетініне кәміл сенуіне болады.
Ұлттық палата бизнесті қорғауда стратегиялық одақтас болып отырған прокуратура органдарымен тығыз байланыста. ҚР Ұлттық палатасы мен Бас прокуратура арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған және үнемі жаңартылып отыратын Бірлескен ұйымдастыру шаралары жоспары бекітілген (ұқсас құжаттар өңірлік палата мен аумақтық прокуратура органдары арасында да бекітілген).
Бас прокуратура құрылымында кәсіпкерлік туралы заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегі бөлім бар. Оның қызметкерлері мен ҚР ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің сарапшылары арасында белсенді байланыс жүзеге асқан. Кеңес құрамына бақылаушы ретінде Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко енген.
Кеңес жүйелі проблемаларды (кәсіпкерлердің көпшілігінің басында бар), сонымен бірге саны жүздеген миллионға жететін жеке мәселелерді, шағын бизнеске қатысты қиындықтарды қарастырады. Ұлттық палатаға келіп түскен әрбір кәсіпкердің өтініші, мейлі ол жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы немесе ірі корпорация болсын, мұқият қаралады.
ҚР ҰКП тиісті бөлімшелерінің сарапшылары келіп түскен проблемалық мәселелер бойынша құқықтық тұжырымдар жасап, кәсіпкерлерге қатысты аса сорақы құқықбұзушылық жағдайларды Кеңес талқысына ұсынады. Өңірлік ауқымдағы мәселелерді Өңірлік палатаның Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңестер қарайды.