astana-view

Алтын сапа: жұмыс сапасын дәлелде

2016 жылғы 06 Маусым
7748 просмотров

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауды және «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесін өткізудің тәртібі мен шартарын түсіндіру жөніндегі семинар өтті

Бизнесвумен Наталья Игнатенко айтқандай, «мұндай бәсеке бабыңда ұстайды, алға қозғалуға, өзіңді өзің жетілдіруге, өндіретін өнімнің сапасын жасқартуға мәжбүрлейді».

«Бүгінгі семинар бизнесмендер үшін жақсы демеу болды, мен өзімді мазалаған көптеген сұрақтарға жауап алдым, бұл одан әрі дамуға ынталандыра түседі. Мен «Tailor-S» тігін фабрикасы» ЖШС менеджмент және маркетинг жөніндегі директорының орынбасарымын, біз арнаулы киім, мектеп формасын тігеміз. Аталмыш байқауға қатысу біздің брендті ілгері жылжытуға, өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті кәсіпкер.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Мадина Мұқатова ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы байқауын және «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесін  өткізудің тәртібін (есептерді рәсімдеудің талаптары, материалдарды ұсынудың тәртібі) егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Одан бөлек, сапа жөніндегі ұлттық және халықаралық сыйлық –  EFQM Еуропалық сапа сыйлығы, ТМД-ның өнімдер мен қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері сыйлықтары қарастырылды.

Кәсіпкерлерге «Мүмкіндіктер» мен «Нәтижелер» критерийлерін айқындаудың әдістері туралы, сондай- ақ, аталымдар  бойынша байқау материалдарын бағалаудың әдістемелік тәсілі жайында айтылды.

ӨКП сарапшысы Аида Иманбекова  «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. «Бұл жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру қажеттілігі, сондай-ақ, жұмыс берушінің мұқтаждықтарына орай оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыруға жан-жақты қолдау көрсету қырлары», – деп атап өтті ол.

Семинар аяқталған соң отызға жуық кәсіпорыннан келген барлық қатысушыларға  сертификаттар табысталды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер