astana-view

Алтын сапа: Белсенділік танытып, үздік атан!

2016 жылғы 09 Маусым
- Шымкент қаласы
7492 просмотров

Кәсіпкерлер «Алтын сапа – 2016» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысуға тезірек өтінім беруге шақырады

Байқауларға құжат тапсыру мерзімдері 1 шілдеде аяқталады, ал Кәсіпкерлер палатасындағылар өз күштерін осындай беделді шараларда сынап, үздік атағына ие болуға асыққандар көп емес деп отыр.

Брифингте Палата мамандары байқауларды өткізу тәртібі мен ережелерін түсіндіріп, оларға қатысудың тиімділігін сөз етті.

«ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығынан үміткерлерге арналған байқауға кәсіпорындар қатысады, ал  «Қазақстаның үздік тауары» байқау-көрмесінде тауарлар бағаланады, – деп түсіндірді Кәсіпкерлер палатасының жобаларды қолдау бөлімінің маманы. – Байқауға «Қазақстанда жасалған» белгісімен қызмет көрсететін өндірістік және азық-түлік өнімдерінің өндірушілері қатыса алады. Кәсіпкерлер үш аталым бойынша бақ сынасады: «Ең үздік өндірістік мақсаттағы тауарлар», «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар», «Ең үздік азық-түлік тауарлары».

Ермек Қансейітовтің айтуынша, «Қазақстанның үздік тауары» атағы  өзіндік сапа белгісі, жаңа келісімшарттарды, іскерлік серіктестерді іздеуде көмек болатын фирма келбетіне айналмақ, тұтынушылар үшін өнімдер мен қызметтер таңдаудағы негізгі белгі, оңтүстікқазақстандық өнімді тек ішкі ғана емес, сыртқы нарықтарда да ілгерілетудің басты шарты болмақ. Жеңімпаздар Астана қаласындағы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіне қатысу құқығына ие болады.

«Алтын сапа» байқауына келер болсақ, үміткерлерді таңдау үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – өтінімдер қабылдау және оларды өңірлік палаталар деңгейінде іріктеу. Тәуелсіз сарапшы аудиторлар, жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар мен ӨКП өкілдерінен құралған сарапшылар комиссиясы ұсынылған құжаттарды тексеретін болады. Бұдан ары өтінімдер «Атамекен» ҰКП деңгейінде құрылған сарапшылық комиссияға жолданбақ. Іріктеудің екінші кезеңінен өткен қатысушылар өтінімдері ҚР Президенті Әкімшілігінің жанындағы министрліктер мен республикалық қауымдастықтардың бірінші басшыларының қатысуымен сарапшы комиссияның қарауына берілмек.

Жеңімпаздар Елбасының жоғары бағасы мен Қазақстандағы үздік компания атағына ие болып қана қоймай, төрт жыл бойы «Алтын сапа» танымбелгісін жарнамалық мақсаттарда қолдана алады. Бір жыл бойы шараны ұйымдастырушы «Атамекен» ҰКП жеңімпаз кәсіпорындарға ақпараттық қолдау көрсетуді өз міндетіне алады. Оларға өз үздік тәжірибелерін Қазақстанның өзге де кәсіпорындарымен бөлісу ұсынылады. Байқауға қатысу үшін кәсіпкер Кәсіпкерлер палатасына өтінім беруі тиіс.

Шымкенттік компанияның директоры Гүлнар Жолдыбаева биыл да «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысып көрмекші. 2015 жылғы байқауда оның компаниясы «Жыл жаңалығы» арнайы номинациясын жеңіп алған болатын. Кәсіпкер өндірісі бірегей өңдеу материалын шығарумен айналысады. Гүлнәр алдағы байқауда негізгі номинацияларды иелетініне сенімді.

«Байқауға қатысу біздің компанияны белгілі әрі танымал етті. Дәл осы байқауға қатысқаннан бастап тапсырыс берушілер тарапынан біз шығаратын иілгіш тасқа деген қызығушылық артты. Енді ол туралы басқа облыстағылар да біле бастады», – дейді бизнесвумен.

Байқауға қатысуға өтінім бергендер қатарында бірінші рет қатысып, үздіктермен тартысқа түскісі келген компаниялар бар. Ол – минералды су шығаратын «Бөген-су» компаниясы. Ол тек екі жыл бұрын ғана ашылған, ал биыл «Қазақстанның үздік тауары» байқауының бір номинациясынан жеңіп шығуды көздеп отыр.

Палата оңтүстік қазақстандық бизнес өкілдерін табысқа жетуге, өз саласының үздігі болуға ұмтылуға және «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығынан үміркерлерге арналған байқау мен  «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуға тағы бір мәрте шақырып отыр.

Былтырдан бастап «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығынан үміркерлерге арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының ұйымдастырушысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екенін еске саламыз. Байқаулардың ең басты мұраты – ел нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қанықтыруға көмек беру және отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны қамтамасыз ету. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер