astana-view

Алтын сапа: Сапа сайысы

2016 жылғы 20 Маусым
- Ақмола облысы
6079 просмотров

Ақмола кәсіпкерлері «Алтын сапа» байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысуға шақырылды

«Атамекен» ҰКП Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығынан үміткерлерге арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Осыған байланысты Өңірлік палата алаңында үйрету семинары өтіп, оның барысында ҰКП Адам капиталын дамыту департаментінің сарапшысы Мадина Мұқатова мен Ұлттық палата кеңесшісі Аида Иманбекова компаниялар өкілдеріне байқаулар талаптары мен өту шарттары, қажетті байқау материалдарын даярлау туралы айтып берді. Байқаудың негізгі мақсаты – отандық өнім сапасын арттыруға бағытталған кәсіпорындар мен ұйымдар қызметін жандандыру; Қазақстан нарығын жоғары сапалы әрі бәсекеге қабілетті өніммен толықтыру; тұрғындар арасында сапа идеяларын таныту.

«Алтын сапа» байқауының арнайы сыйлығы, бұрынғыдай, үш аталым бойынша беріледі. «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Тұрғындарға арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын». Әр номинация бойынша үш сыйлық тапсырылады: шағын кәсіпкерлік субъектісі, орта кәсіпкерлік субъектісі және ірі кәсіпкерлік субъектісі.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы да «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» және «Ең үздік азық-түлік тауарлары» деп аталатын үш номинациядан тұрады», – дейді ӨКП кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Марат Алтынбеков.

«Алтын сапа» байқауына қатысуға өтінімдер биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін, ал «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына 2016 жылдың 31 шілдесіне дейін қабылданады.

Барлық құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Көкшетау қаласы, Абай көш., 96-үй, 8-қабат, № 805-каб.

Сондай-ақ, қосымша ақпараттар туралы мына телефон нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы: 722-488, 722-542, сонымен бірге, «Атамекен» ҚР ҰКП сайтынан білуге болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер