astana-view

Алматы фармацевтикалық компаниясы еуропалық компаниялармен бәсекелес

2017 жылғы 25 Тамыз
- Алматы қаласы
5988 просмотров

«Алтын сапа»: «DOSFARM» үміткерлер қатарында

Қаржылық дағдарыс пен құнсыздануды өз пайдасына қалай асыру керектігін «DOSFARM» компаниясы анық біледі. Алматыда дәрілік препарат, косметикалық өнім мен биоқоспалардың шығаратын компания 16 жылдан бері нарыққа шыққан. Осы уақыт аралығында отандық нарыққа кеңінен танылып, еліміздің әр өңірінде өз өкілдігін ашып, экспортқа да шығып отыр.

«2012 жылдан бастап «DOSFARM» өінімдері сыртқы нарыққа шықты. Бүгінде Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения елдеріне жеткізіледі. Биыл Бахрейн корольдігімен келесімшарт жасалды, келісім бойныша бір жылдан кейін сол жаққа экспорттаймыз. Бұл Парсы шығанағының нарығына жол ашылады деген сөз. Сапасы мен бағасының қол жетімділігінің арқасында еуропалық препараттарға бәсекелес боламыз. Сонымен қатар препараттар Въетнам мен Моңғолияда да тіркеуден өтіп жатыр. Бір жылдан кейін отандық өнім сол елдердің нарығынан табылады», – деп хабарлады «DOSFARM» компаниясының директоры Виктор Ни.

Компания коммерциялық нарықта белсенді, «DOSFARM» ЖШС директорының айтуынша компания тұтынушыларға бір қадам жақындай түсті.

«2015 жылы ақша құнсызданғаннан кейін «DOSFARM» қиын таңдаудың алдында тұрды. Доллар қымбаттаған сайын шикізаттың бағасы екі есе өсті. Тұтынушылардың мәселесінен пайда табуды емес, жаңа өндірістік шешім қабылдап, өнім сапасын жақсартуды жөн деп тапқан компания бағаны ұстап тұрды. Уақыт өте келе ұтпаса, ұтылмағанымыз анық еді. Отандастар «DOSFARM» компаниясының өнімін ала бастады, импорттық заттарға қарағанда әлдеқайда арзан әрі сапасы да кем емес. Сондықтан сенімдері де арта түсті», – дейді Виктор Ни.

«DOSFARM» өнім сұрыпталымының қатарында тамшы, спрей, жақпа май мен таблетка сынды қалыпта шығатын препараттар қатарында барлығы 18 сауда маркасы мен 59 тауарлық көрсеткіш бар. Таяу арада компания инновациялық технологияны сатып алды. Бұл технология импортқа тәуелділіктен барынша бас тартуға мүмкіндік бермек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер