astana-view

«Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауының комиссия мүшелері алдын ала бағасын берді

2017 жылғы 03 Қараша
3226 просмотров

Марапаттау салтанаты 6 желтоқсан күні ЭКСПО конгресс-орталығында өтеді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Алтын сапа» байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы комиссиясының отырысы өтті. Комиссия мүшелері байқау жұмыстарын алдын ала бағалау жұмысын жүргізді.

2017 жылы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін 101 компания қатысты, ал «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына 144 компания үміткер.

«19 сәуір мен 2 маусым аралығында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының базасында Астана, Алматы мен 14 облыс орталықтарында байқау қатысушылары үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылды», - деп  хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті директорының орынбасары Салтанат Әбдікәрімова.

Комиссия мүшелері байқау жұмыстарын алдын ала бағалау туралы ой бөлісті. Олар процедураның ашықтығы мен материалдарды өткізу бойынша ұйымдастырудың жоғары екенін атап өтті.

«Біз белгіленген уақытта келдік, қатысушылардың материалдарын еркін ала алдық. Жұмыс барысында барлығын қарап, даулы мәселелерді қорытынды жиынға шығардық. Мысалы, «өзін-өзі бағалауда» менеджмент жүйесі енгізілетіні көрсетілген. Алайда жүйе енгізілгенін растайтын сертификатты бермеген», – деп баяндада комиссия мүшесі, «Фирма «Торговая палата» ЖШС директоры Елена Батрак.

«Мен қайта өңдеу кәсіпорындарына қатысты жұмыстарды қарадым. Бұл өте қызықты болды. Мен комиссия жұмысына 5 жылдан бері қатысып келемін және ережеге өзгерту енгізуге қатысты ұсынысым да бар. Мысалы, комиссия мүшелері міндетті түрде кәсіпорынға бару керек», – деп ұсыныс білдірді «Қазақстанның сүт одағы» ЗТБ атқарушы директоры Владимир Кожевников.

Марапаттау салтанаты 2017 жылдың 6 желтоқсанында ЭКСПО когресс-орталығында өтеді.

Еске салсақ, «Атамекен» ҚР ҰКП 2015 жылдан бері ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иелену байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын ұйымдастырып келеді.

Жыл сайын «Атамекен» қатысушылардың материалына алдын ала бағалауды жүргізу үшін комиссия жұмысын да ұйымдастырады.

Байқаудың басты мақсаты – ел нарығын сапасы жоғары әрі бәсекеге қабілетті өніммен толтыру, отандық және халықаралық стандарттар негізіндегі сапамен қамтамасыз ету.

Биыл «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінің республикалық кезеңі 28-30 шілде күндері Астанадағы «Көрме» орталығында өтті. Ал Комиссияның қатысушылардың материалдарына алдын ала бағалау жұмысы 18 қыркүйекте басталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер