astana-view

Рустам Жүрсінов: Кәсіпкерге сапасыз тауарды сату тиімсіз болатындай механизмді әзірлеу керек

2018 жылғы 08 Маусым
2886 просмотров

Бұл туралы ҚР Праламенті Мәжілісінің отырыснда «Атаекен» ҚР ҰКП Басқарма Төарағасының орынбасары Рустам Жүрсінов мәлім етті.

Оның айтуынша бақылау саласында кіліріс болмауы керек.

 «Мемлекетті әсер ету деңгейнің төмендеуі баламалы құралдармен алмастырылуы керек. Барлық алаңда біздің міндетіміз – адал кәсіпкерлерді қорғау екенін атап көрсетіп келеміз. Адалдық – табыстың түп негізі, оң беделдің іргетасы», – деді Рустам Жүрсінов.

 «Атамекен» адамдардың өмірі мен десаулығының қауіпсіздігін мәселесін шешу мақсатында, сондай-ақ тұтынушылар, мемлекет және бизнес мүдделері арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге арналған тұтастай жүйені ұсынып отыр.

 Бүгінде Қазақстанда Тұтынушылардың құқығын қорғайтын 172 ұйым тіркелген, оның ішінде 55-і жұмыс істейді. Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдар әлсіз шоғырланған, олар бөлек-бөлек, айтарлықтай ұйымдастырушылық базасы мен қаржыландыру көзі жоқ. Рустам Жүрсінов аталған ұйымдарды әр өңірде өкілдіктер құрып, ортақ одаққа біріктіруді ұсынды.

«Мұндай одақ барлық тұтынушының мүддесін орталықтан білдіруге мүмкіндік береді, – деді спикер. – Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнама әлі де жетілдіруді талап етеді. Азаматтардың құқықтары бұзылғанда олардың әрекетінің нақты алгоритмі, оның ішінде  ұжымдық талап арызын беру институты сынды құралды қолдану болуы тиіс».

Өз сөзінде ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары іскерлік оң бедел –  бұл кәсіпкердің «адал атағы» екеніне баса нараз аударды.  

 «Қандай кәсіпкер адал және парасатты, ал қай кәсіпкер оған жатпайды деген сауал туындайды?», – деп сауал тастады Рустам Жүсрінов.

 Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, іскерлік беделді бағалаудың жалғыз құралы – рейтинг жүйесі, тәуелсіз бағалау және кәсіпкерлік субъектілерін саралау. Мысал ретінде спикер «Қызыл гид Мишлен», қонақ үйлердің «жұлдызды» жүйесін келтірді. Әлем бойынша рейтингтік бағалау институты бейресми мәнге ие, алайда кәсіпкерлік ортаны өзіндік реттеудегі беделді құрал болып табылатынын айтты.

 «Атамекен»  рейтингті жүргізуді тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі ұйымдардың қатысуымен рейтинг агенттіктеріне қалдырып, тиісті әдістемесін әзірлеуге дайын. Рустам Жүрсінов рейтингтер жүйесіне тәуекелдерді басқару жүйесін тескеру және стандарттау саласында тәуекелдерді басқару жүйесіне міндетті қатыстыру ұсынды.

 Ұлттық палатаның тағы бір ұсынысы сақтандыру жүйесін дамытуға қатысты.

«Жүктелген сақтандыру  – бұл халықаралық практикадағы оң тәжірибеге ие жүйе. Осындай сақтандыру жүйесінде заңмен айтарлықтай аз талаптар бекітіледі, қалғаны тараптардың өзара келісуімен анықталады», – деді Рустам Жүрсінов.

Сақтандырудың мұндай түрін енгізу, әсіресе, көпшілік жиналатын салаларда өзекті. Жүктелген сақтандыруды енгізу бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында мынадай мәселелер қаралуда, оған нақты кәсіпкерлік қызмет объектілері мен тәуекелдерді тізбегін анықтау кіреді.  Сонымен қатар сақтандырудың осы түрінің сақтандыру сомаларын, тарифтерді және т.б. қамтуы бойынша статистикалық талдау мен актуарлық есептеулерді жүргізу, үлгілік шарт жобасын әзірлеу бойынша жұмыс басталды. Жүктелген сақтандыруды енгізу бойынша мәселелер ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірленген  Жол картасы жобасына енген.

 «Бізге ұлттық стандарттарға назар аудару керек. Тауарлардың өздері бойынша бізде сапа стандарттары бар ма? Ал  қызмет көрсету сапасының стандарттары қайда?», – деді Рустам Жүрсінов.

 Бүгінде техникалық Техникалық регламенттер нарықтағы тауардың сәйкес келуі тиіс ең аз қауіпсіздік талаптарын анықтайды. Бұл шараның тиімділігі ретінде Рустам Жүрсінов осындай салалық стандарттар сапасыз қызмет көрсету шығындарын азайтып, тұтынушылар тарапынан болатын шағымдарды азайтпақ. Бұл Өзін-өзі реттеу институты дамуына оң әсер етеді.  

 Құқық қолдану практикасы кәсіпкерлік салада бірқатар ашық мәселелердің барын көрсетті.  Біріншіден, өзін-өзі реттеу ұйымын құру шынайы берумен сүйемелденіп, нақты рұқсаттар мен лицензияларды қысқартуымен жүргізілуі тиіс.

«Әрине, егер орта дайын болса, мұны жүзеге асыруға болады. Өзін-өзі реттеу ұйымдарына мемлекеттік функциялар берілуде, ал қауымдастықтарға берілмейді, осы ретте біз қауымдстықтардың өзін-өзі реттеуі ұйымына жасанды «ауысуын» байқап отырмыз, ал олар соңғы болмауы керек.  Түптеп келгенде біз қара темір қалдықтары, теміржол билеттерін сату саласында өзін өзі-реттеу ұйымдарын қалыптастыруымыз мүмкін», – деді спикер.

 

Азаматтардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығы  мәселелерінде «қысқа табысты тағлымдар» және жылдам нәтижелер қажет екенін айтылды. Осыған байланысты мемлекеттік органдармен бірлесіп лифт қауіпсіздігі, жолаушы тасымалы және өрт қауіпсіздігі салаларында пилоттық режимде 3 жол картасы әзірленді. Қазіргі таңда Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, лифті шаруашылығы саласында 14 іс-шара айқын көрсетілген нақты жоспар жасалды. Рустам Жүрсіновтың айтуынша, осылайша лифт шаруашылығына қызмет көрсету саласында жұмыс істеп тұрған субъектілердің реестрі жандандырылады, өзін-өзі реттеу ұйымдары және сарапшылық кеңес құруға мүмкіндік береді.

 Сондай-ақ, Лифтілерге куәлік беру, лифтілерді модернизациялау және ауыстыру бойынша ұсыныстарды дайындау, кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеу, лифтілерді пайдалануға беру бойынша бірыңғай стандартты дайындау жоспарланған. Ал Бизнестің жауапкершілігін арттыру мақсатында Ұлттық  палата Кәсіпкерлер этикасы мен іскерлік әдебі кодексі жобасын әзірледі.  Кодексте базалық қағидаттар мен стандарттар бекітілген.

 «Тұтынушылардың өмірі және денсаулығын сақтауға  басымдық беру. Екінші, ашықтық, алдауға жол бермеу. Сонымен қатар «Атамекен»  қабылданған жайтты орындау, адал бәсекелестік, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, дауларды бейбіт шешуді базалыұ қағидаттар деп санайды», – деді Рустам Жүрсінов.  

 Кодексте этикалық стандарттарды бұзуға әсер ету механизмдері енгізілген. Ауқымды тұлғалардың: мінсіз беделі бар кәсіпкерлер, депутаттар, қауымдастықтар өкілдері, тұтынушыларды қорғау қоғамдары, сарапшылардың қатысуымен Этика бойынша кеңестер құрылады. Сөз соңында Рустам Жүрсінов мемлекеттік органдарды бизнестің жауапкершілігін арттыруға бағытталған заңды әзірлеуге белсенді атсалысуға шақырды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер