«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Меню
Қаз

КҚО и КҚКО

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында Сіз оқытудан бастап жобаңызды, бизнесіңізді немесе ісіңізді қаржыландыруға дейінгі толық, пайдалы әрі ақпарат аласыз.

Сервис 4 бөліктен тұрады:

  • Кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлер мен шағын кәсіпорындарға арналған сервис
  • Жұмыс істеп тұрған орта бизнеске арналған сервис
  • Ірі бизнеске арналған сервис
  • Барлығына арналған сервис

Сервистік қолдауға келесідей қызметтер кіреді:

  • Бухгалтерлік және салық есебін жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есеп жүргізумен байланысты қызметтер
  • Кеден процедурасы бойынша қызметтер
  • Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу  
  • Заңды қызметтер көрсету
  • Маркетинг мәселесі бойынша қызметтер
  • Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласында кеңес беру
  • Мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер
  • Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласында кеңес беру

 

Бүгінгі таңда Қазақстан шикізаттық және өндірістік үлкен әлеуетке ие қарқынмен дамып келе жатқан ел болып табылады. Қазақстанда өндірілген тауарлар жақын ғана емес, алыс шет елдерге де белсенді түрде экспортталады.

Қазақстан көптеген елдермен еркін сауда туралы Келісім жасасқан және олар әрекет етуде. Аталмыш келісімдерге сәйкес тауар айналымы кезінде кедендік баждарға өзара жеңілдіктер ұсынылады.

Тауардың шығу тегі туралы сертификат – тауардың шыққан елі туралы куә болатын және ұлттық заңнамаға сәйкес уәкілетті экспорттаушы мемлекеттің органы берген құжат.

Ол жеңілдікті кеден баждарын қолдануға немесе олардан мүлдем босатылуға мүмкіндік береді. Аталмыш артықшылықтарды беру экспортталатын тауардың бағасынан, сәйкесінше, оның бәсекеге қабілеттілігінен де көрініс береді. Сонымен қатар, тауардың шығу тегі туралы сертификат банк аккредит ашу кезінде, тауарды сатып алушының елінде бұдан арғы өткізу кезінде және т.с.с. жағдайларда талап етілуі мүмкін.

Тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттар тек қана Қазақстанда өндірілген және басқа елдерге экспортталатын тауарларға беріледі.

Экспортталатын/реэкспортталатын тауарларға деген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың негізгі төрт түрі бар.

Сонымен, «СТ-1» нысанындағы шығу тегі туралы сертификат Қазақстан Республикасынан еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге қатысушы мемлекеттерге (ТМД елдері) шығарылатын тауарларға беріледі, ол мемлекеттер: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Ресей, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина.

СТ-1 нысанандағы шығу тегі сертификаты импортшыны кеден бажын төлеуден толығымен босатады.

«СТ-2» нысанындағы шығу тегі туралы сертификат Қазақстан Республикасынан, ТМД елдерін қоспағанда, еркін сауда туралы келісім жасалған және әрекет ететеін елдерге (мысалы, Сербия) шығарылатын тауарларға беріледі.

«А» нысанындағы шығу тегі туралы сертификат Бас артықшылықтар жүйесі аясында Еуропалық қоғамдастық елдеріне, сонымен қатар АҚШ, Канада, Жапония, Түркия, Аустралия, Жаңа Зеландия, Швейцария, Лихтенштейн, Норвегияға экспортталатын тауарларға беріледі.

«А» нысанындағы шығу тегі сертификаты болған жағдайда импортшы баждан толығымен немесе жартылай босатылады.

«Оригинал» нысанындағы шығу тегі туралы сертификат ТМД және ЕО елдерін қоспағанда, барлық елдерге экспортталатын қазақстандық тауарларға, және де егер «А» нысаны бойынша шығу тегі сертификаты немесе басқа да арнайы сертификаттар талап етілмеген жағдайда беріледі.

2009 жылы отандық тауар өндірушіні қолдау мақсатында Үкіметтің 2014 жылғы 16 шілдедегі №793 қаулысымен «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификат енгізілді, ол Қазақстан Республикасы аумағындағы айналымына арналған.

«CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат тауарды жеткілікті қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және еркін қоймалардан Қазақстан Республикасы кедендік аумағының қалған бөлігіне апарылатын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы кедендік аумағында өндірілетін әрі өткізілетін тауарларға ресімделеді, куәландырылады және беріледі.

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ отандық тауар өндіруші тізілімінде тіркелу үшін өндірушіге «СТ-KZ» нысанындағы сертификаттың болуы қажет.

Аталмыш сертификатты Ұлттық компаниялар, сонымен қатар жер қойнауларын пайдаланушылар жүзеге асыратын тендерлер мен сатып алуларда көрсету шартты жеңілдіктер алу құқығын береді.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) 2014 жылғы 12 шілдеден бастап тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды ресімдеу және куәландыру бойынша қызметке кірісті.

Ағымдағы кезеңде барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және Қазақстанның елордасында Өңірлік кәсіпкерлер палаталары тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды ресімдеу, куәландыру және беруді жүзеге асыруда.

ҚР ҰКП Өңірлік кәсіпкерлер палаталарынан келіп түсетін күн сайынғы ақпарат негізінде «СТ-KZ» нысанындағы ішкі айналымға арналған тауарлардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар Тізілімін жүргізеді.

Аталмыш Тізілім мәліметтері күн сайын «Қазақстандық мазмұн» интернет-порталына жүктеліп тұрады, аталмыш порталға еркін кіруге болады, www.ks.gov.kz.

Тауардың шығарылған елін айқындау бойынша нормативтік база

Сертификаттар нысаны

Экспорттайтын ел

Нормативтік база

«СТ-1» нысаны

ТМД елдері

  1. Өзбекстан және Түркіменстан жоғарыда аталған ТМД халықаралық шарттарына қосылған жоқ, осыған орай бұл елдер үшін тауардың шығарылған елін анықтау Қазақстанның Өзбекстан және Түркіменстанмен жасаған екі жақты Келісімі нормаларын ескере отырып, 1993 жылғы 24 қыркүйектегі Қағида талаптарымен жүзеге асырылады.
  2. Грузияға экспорттау үшін 2000 жылғы 30 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары Кеңесінің «Тауарлардың шыққан елін айқындау ережелері туралы Шешімі қолданылады.  http://adilet.zan.kz/rus/docs/H000000170
  3. ТМД елдері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы Келісім (Ялта қ., 2009 жылғы 20 қараша). http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1000001478

«А» нысаны

Еуропалық қоғамдастық елдері

(№2913/92 Кеңес Реттемесін қолдану ережесін айқындаушы №2454/93 Реттемеге (ЭС) түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» 18.11.2010 жылғы №1063/2010 Кеңес (ЕО) Реттемесі

http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30957125

Оригинал ағылш. т. және орыс т. жалпы нысан

Үшінші елдер

«Тауардың шығарылған елін айқындау, шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметі 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 қаулысы

http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1400000793

«СТ-2» нысаны

Сербия

2010 жылғы 7 қазандағы ҚР және Сербия Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісім.

http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1100000504

«СТ-KZ» нысаны

Ішкі айналым үшін

«Тауардың шығарылған елін айқындау, шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметі 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 қаулысы

http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1400000793

 

Серіктестер