«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Меню
Қаз

Арбитраж орталығы

Атамекен Арбитраж орталығы

Коммерциялық қызмет барысында түрлі келісім-шарттар жасалынады. Осы келісім-шарттарды бұзу түрлі келеңсіз жағдайлар туғызады. Егер осындай даулар келісім-сөздер арқылы достық тәртібімен шешілмесе, сотқа бару қажеттілігі туындайды. Бұл әрдайым ұзаққа созылған іс жүргізу мен айтарлықтай шығыстарға әкеліп соғады.

Арбитраж – ұйымдардың барлық жеке меншік турлері (АҚ, ЖШС, ЖК, т.б) арасында пайда болатын дауларды карастырып, шешу үшін құрылған мекеме. Арбитраж серіктестер арасындағы дауларды шешудің замануи және өркениетті әдісі болып табылады.

Кәсіпкерлерге дауларды әділ, тез және арзан түрде шешуге көмектесу үшін арнайы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арбитраж орталығы құрылған. Арбитраж орталығының құрылтайшысы – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Арбитраж орталығы 1993 жылы Сауда-өнеркәсіп палатасы жанында құрылған Халықаралық Арбитраж сотының іс жүзіндегі мирасқоры бола отырып, оның объективті түрде дауларды қарастыру салтын жалғастыруда.

Егер алдын ала іскерлік серіктестеріңізбен келісім шарт жасасу барысында, келісім шарттың мәтініне арнайы төрелік ескертпені еңгізсеңіз, Арбитраж орталығы сізде туындаған кез-келген шаруашылық даулардың шешімін табуға көмектеседі. Сонымен қоса, Арбитраж орталығы отандық және де шетелдік іскерлік серіктестер арасында болған дауларды да шешуге көмектеседі.

Төрешілер тізілімі жоғары квалификацияға және төрелік талқылау саласында айтарлықтай тәжірибеге ие жоғары білікті мамандардан тұрады.

Арбитраж орталығы тәжірибелі кәсіби мамандардың азаматтық-құқықтық (келісімдік) дауларды барынша қысқа уақытта, әділ әрі тәуелсіз және тиімді қарастыруын мақсат тұтады. Сонымен қатар, Арбитраж орталығының қызметінде білікті заңгерлік кеңес беру мен дауды балама тәсілмен (медиация) шешуге жәрдемдесу де көзделуде.  

Ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың өңірлік Кәсіпкерлер палаталарында Арбитраж орталығының қызметіне көмек көрсететін өкілдер бар.

Бизнесіңізді жан-жақты қорғағыңыз келсе, Арбитраж орталығының бірегей мүмкіндіктерімен танысыңыз - www.aca.kz

Байланыс:

Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арбитраж орталығы

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Д. Қонаев көшесі, 8, «Б» блогы, 17-қабат, 1721 кеңсе

Жауапты хатшы ─ Байсақалова Мадина Нұрланқызы

Тел: 8 (7172) 919-382 (ішкі 1781)        

       8 (7172) 919-381 (ішкі 1759)

 

Серіктестер