astana-view

Фирманың борышы жоқ

2016 жылғы 15 Ақпан
- Қызылорда облысы
6907 просмотров

Сотта алматылық компанияның құқығы қорғалды

«EXIMAR» ЖШС 2015 жылдың қарашасында Қызылорда облысы Кәсіпкерлік және туризм басқармасы өткізген электронды конкурсқа қатысуға өтінім берген. Өтінімді қарау кезінде кәсіпкердің adilet.gov.kz. сайтындағы борышкерлер тізіміне енгізілгені анықталады. ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағына сәйкес серіктестік өзінің сатып алу құқығын тану туралы сотқа өтініш береді. 

Орын алған оқиғада қателік конкурсты ұйымдастырған басқармадан емес, жауапсыз сот орындаушылардан кеткен. Кәсіпкер өз міндетін орындау кезінде өзара есепке алу ережелерінің бәрін жүргізген. Бірақ атқарушы орган бұл туралы тиісті инстанцияға уақтылы хабар бермеген. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы көмегінен соң кәсіпкер штаттық режімде жұмыс істей бастады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер