astana-view

Келісімшарт қайта күшіне енді

2016 жылғы 15 Шілде
- Шымкент қаласы
5619 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы сот шешімі шыққанына алты жыл болмаған келісімшарттың қайта күшіне енуіне қол жеткізді

Мемлекеттік органдардың сот шешімдерін орындамауынан мезі болған қазақстандық кәсіпкерлер мемлекеттік іс-қағаздар жүйесінде толық бақылау жоқ екендігін айтып, билік органдары кіріс және шығыс қатынас қағаздарға заңдық бақылау жүргізбейді деген шешімге келіп отыр. Мұндай бейберекеттікті «Тұран-2030» ЖШС компаниясы да өз басынан өткерді.

Осыдан тоғыз жыл бұрын, 2007 жылғы 16 тамызда фирма ОҚО әкімдігімен  «Сайрам-Су» алаңында құмды-қиыршық тасты қоспаны барлау және шығару жөнінде келісімшартқа отырады. Жарты жылдан соң облыс әкімдігі біржақты тәртіппен келісімшартты бұзған. Кәсіпкер сотқа беріп жүріп, келісімшарттың бұзылуы туралы хабарламаның алып тасталуына қол жеткізген.  2010 жылғы 17 ақпандағы сот шешіміне сәйкес, келісімшарт қайта күшіне енеді. Кәсіпкер осы бойынша әкімдіктен хат алғанымен, қосымша келісім жасалмады, ал бұл келісімшарт қайта күшіне енгенін көрсететін ең маңызды көрсеткіш еді. Атқарушы өндіріс сот шешіміне байланысты 2011 жылғы 28 қаңтарда жұмысын тоқтатты. Ал іс жүзінде шешім орындалмады.

2014 жылы компания ОҚО Кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрады. Палата бастамасымен облыс прокуратурасы тексеріс жүргізіп, ол бойынша сот орындаушысының қаулысына наразылық айтылып, атқарушы өндіріс қайта күшіне енді. Бірақ бұл проблеманың түйінін шешпеді.

Бұдан ары облыс әкімдігімен, «Южказнедрамен», прокуратурамен ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргізілді. Барлығы да бұзушылықтарды анықтап, сот шешімі орындалмай отырғанын және іс жүзінде келісімшарттың қайта күшіне енуі орын алмағанын мойындаған, бірақ неге екені белгісіз, айыптылар жауапкершілікке тартылмады.

2014 жылдың 8 желтоқсанында ОҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хат жолдап, ол арқылы «Тұран 2030» ЖШС-мен жасалған келісім-шарттың күшіне енуін қайта растайды, алайда «Южказнедра» тұрғысындағы өкілетті орган келісімшартты тіркемеді. Сол кезде ақпарат бойынша, «Южказнедра» құжатты өтініш беруші келісімшарт пен оған енгізілген өзгерістерді ұсынған жағдайда тіркеуге даяр. ОҚО әкімдігінің Кәсіпкерлік басқармасы құжат «Южказнедрада» тіркелсе ғана қайта жаңартуға дайын екенін айтқан. Бітпейтін шырғалаң...

Бір сөзбен айтқанда сот актісінің болғанына қарамастан, жергілікті атқарушы органдар мен уағдаластықтарды тіркеу бойынша өкілетті органдардың қолдан жасаған кедергілеріне тап болған.

Проблема Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында талқыланды.

Тұтас алғанда, Палата компания құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде қыруар жұмыс атқарды, жеке қабылдаулар кезінде кәсіпкер пайдасына дәлелдер келтіріліп, лауазымды тұлғаларға сот актілерінің шешімін орындау қажеттілігі айтылды.

Таяу күндері «Тұран-2030» ЖШС компаниясы мен облыс әкімдігі (облыс әкімінің жаңа орынбасары, жер қойнауын пайдалану саласына басшылық ететін Жақып Бөкенбаевқа рахмет) арасында келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қосымша келісім жасалды. Осылайша, жер қойнауын пайдалану келісімшарты араға алты жыл салып, қалпына келтірілді.

Алайда, Әл-Фараби аумақтық бөлімінің сот орындаушылары атқарушы өндіріс жұмысын тоқтатты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер