astana-view

Мұнайдың ауқымды қоры неліктен бағаға әсер етеді?

2017 жылғы 12 Мамыр
6661 просмотров

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының мұнай шығаруды азайтуы қалаған нәтижеге қол жеткізбеді

Бұл жағдай «Төмендеу ойыны» («Игра на понижение») фильміндегі қаржылық алып-сатар туралы үзіндіні еске түсіреді. Фотографтар сақтауға арналған 2100 резервуардағы мұнай шикізаты деңгейінің өсуі мен құлауын бағалау үшін инфрақызыл камераларды қолдана отырып шағын габаритті самолетпен америкалық мұнай сақтау қоймаларының үстімен ұшады.

Шын мәнінде, жағдай соншалықты мұңды емес. Барлау деректерін жинаушылар қоймадағы мұнай қоры туралы мәліметті Үкімет жариялағанға дейін бірнеше күн бұрын бере отырып, әлемдегі сатушыларға ақпарат сататын Genscape компаниясында жұмыс істейді.

Америкада мұнай қорының рекордтық деңгейі мұнай бағасына әсер етіп, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ-ОПЕК) әрекетіне тосқауыл қойған кезде бұл мәліметтердің пайдасы зор. Қордың жоғары деңгейі Халықаралық энергетикалық агенттік болжаушысының мәліметінше осы айда шикі мұнай бағасы неліктен күрт төмендегенін түсіну үшін маңызы зор. West Texas Intermediate мұнай маркасы қарашада МЭЕҰ мұнай шығаруды тоқтатуға келіскенге дейінгі барреліне 50 доллардан төмен деңгейге қайта келді (диаграмманы қараңыз).

Мұнай сақтау орындары неліктен толы екенін 3 себеп түсіндіреді

Біріншіден, МЭЕҰ-ның Ресей секілді мүше емес мемлекеттермен келісімі 1 қаңтарда өндірісті азайтты, бұл хедж-қорлардың сатып алу қарқынын тудырып, мұнай бағасының өсуіне алып келді. Америкалық өндірушілер мұнайды көптеп өндіре отырып, жоғары бағаны тез пайдаланды. Америкалық мұнай платформасы қыркүйектегі төмен көрсеткішке қарағанда күніне кемінде 400 000 баррель өндіре отырып, бір жылда 986-дан 617-ге дейін өсті. Мұның көп бөлігі Кушинг, Оклахома секілді мұнай сақтау терминалдарына кетті.

Екіншіден, МЭЕҰ өз ұсынысының құрбаны болды. МЭЕҰ мүшелері өндіру көлемін азайтқанға дейін  бірнеше ай бұрын өндіріс пен экспорт деңгейі артты. Трансатланттық саяхат аптасынан кейін мұнай өңдейтін зауыттар техникалық қызмет көрсету себебінен тұралап тұрғанда, бұл мұнай сақтауға қойылған америкалық жоғары импортта болған.

Үшінші фактор – бұл қор деңгейімен тығыз байланысты фьючерлік баға қисығының түрі. МЭЕҰ қаңтардағы қысқартуды ұйымдастырғада, ұйым жыл ортасына қарай сұраныс пен ұсынысты теңестіруге және фьючерлік нарықты «артта қалғандыққа» итеруге үміттенді, яғни баға ұзақ мерзімді кешелекте қысқамерзімді бағаға есептелген. Бэквардация нарықтың мұнайды сақтауға емес, оны сатып алып, пайдалануға дайын екенін көрсетеді. Бұл стратегия белгілі бір уақыт жұмыс істеді.

Алайда 8 наурызда АҚШ-та шикізат қоры бойынша мәліметтерді жариялай бастағанда нарық қайтадан «контанго» – қысқа мерзімді бағалар ұзақмерзімдімен сататындығы бойынша жеңілдік атауы қайта келді. Контанго мұнайды сатып алып, оны сақтауды анағұрлым орынды жасайды. Genscape компаниясынан Хиллари Стивенсон Кушингтегі қолда бар тауар бағасына ай сайын шамамен 65 цент қосылатынымен салыстырғанда резервуарда мұнай сақтау құны 1 айда барреліне 41 цент екенін атап өтті.

Контанго бағдарламаланған болжау болуы мүмкін, себебі көп мөлшерде мұнай сақталған сайын қысқамерзімді баға соғұрлым төмен. Осылайша, МЭЕҰ міндеті мүмкін өндірісті қысқартуды маусым айына дейін ұзартуға уәде бере отырып, жіпті жоюды талпынудан тұрады. Бірақ бұл жағдайда америкалықтар қосымша ұңғыма қазуы мүмкін. Осылайша ойын жалғасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер