astana-view

Кәсіпкерлер өңделетін қағазды Қазақстан аумағынан шығармауды талап етуде

2017 жылғы 20 Қараша
1400 просмотров

Целлюлоза-қағаз саласында шикізат жетіспеушілік жағдайы орын алды

Оңтүстік Қазақстандық «Бумпром» ЖШС басшысы Шертай Бижановтың айтуынша шикізат Қырғызстан мен Өзбекстанға кетеді.

«Біздің қағаз машинамыз тәулігіне 20 тонна, яғни айына 600 тонна қағаз өндіреді. Өндіріс көлемі ауқымды болмаса да, бәсекелестер көп», – деп байқаған ерекшеліктермен бөлісті Шертай Бижанов.

Шертай Бижановтың айтуынша Еуразия экономикалық одағына мүше болғандықтан еркін тауар айналымы арқылы Қырғызстаннан көп контрабанда экспортталады.

«Контрабанданың көлемі бойынша ешкім көрсеткіштерді тіркемейді, барлығы қаралай қолма-қол ақша арқылы жүргізіледі. Қырғызстан мен Өзбекстан өңделетін қағазға қажеттіліктері жоғары. Жеміс-көкөніс өнімдерін буып-түюде кең ауқымда қолданылады. Мұнымен күресіп, бәсекелесе алмаймыз. Тек қымбат бағаға сатып алып, тасымалдауға көмек көрсетіп, жағдай жасаймыз», – деп анықтады «Бумпром» ЖШС басшысы.

«Бумпром» ЖШС кәсіпорнында шамамен 10 газель облыс бойынша өңделетін қағазды жинайды.

«Топтар полигондар мен қоқыс төгетін жерлерде жұмыс жасап, шикізатты сол жерде жинайды. Мәселенің жалғыз шешімі тек ескерту арқылы емес, айыппұлдар арқылы шикізатты шығаруға тыйым салу», – деп ойымен бөлісті Шертай Бижанов.

«РОП» ЖШС (импорттаушылардың) өндірушілердің ауқымды міндеттер операторы) бірлесе шикізаттың тапшылығын шешуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатырғандығы белгілі болды.

«РОП тарапынан субсидиялар бар. Мәселен, қажетті инфрақұрылым мен шикізаттың белгілі бір көлемін қамтамасыз етсек, сәйкесінше дотациялар аламыз. Алайда экономика саласындағы қарастырылған заңнамалар бойынша құжаттар тізімін жинау қажет», – деп РОП-пен алғаш серіктестік қарым-қатынас орнатылғандығын айта кетті Шертай Бижанов.

Еске салсақ, Қазақстанның кәсіпкерлері аталған мәселеге байланысты алаңдаушылықтарын білдіруде. Кәсіпкерлер «Атамекен» арқылы Қазақстанның аумағынан целлюлоза-қағаз өнеркәсібінен стартегиялық маңызы бар шикізатты шығаруға тыйым салуды ұсынуын қалайды. Кәсіпкерлер ұсынысты ведомства аралық комиссия отырысында талқыға салып, қолдау табуға үміт білдіруде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер