«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Ақмола облысында кәсіпкер жарты жылдан бері патент ала алмаған.

05 Шілде 2018 - Ақмола облысы
1176 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының Астрахань аудандық филиалына кәсіпкерлер тарапынан өтінім түсу жиілеген. Оның ішінде патент беру мерзіміне қатысты мәселелер жиі орын алады

Кәсіпкер Тасемен Әубәкіров 2017 жылы 27 желтоқсанда «Салық төлеушілер кабинеті арқылы 911.00 «Патент құнын төлеу» кәсіпкерлік қызметпен айналысудағы салық есебінің формасын жолдаған. «СОНО» Электронды жүйесі өтінім қабылдағанын хабарлаған.

Алайда 2018 жыы қаңтарда кәсіпкер сол форманы өңдеуде 2017 жылы 30 желтоқсанда жүйеде олқылық болғаны туралы хабарлама алған. Бас тартудың себебі де анықталған. Кәсіпкер жолдаған форма сәйкес келмейді деп танылып, ағымдағы жылдық қаржы-салық есебінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 2 айлық есептік кқрсеткіштен 5%көлемінде аударылуы тиіс, патент қолданылған әр айға аударылуы тиіс екені айтылған.

Бұл сұраққа қатысты түсіндірмені алмақ болған кәсіпкер өңірлік кәсіпкерлер палатасы Астарахань филиалына жүгінген. Тексеру барысында заңнама бұзылғаны анықталған.

«2008 жылы 10 желтоқсанда №99-IV «Салық және бюджетке міндетті төлемдер туралы» кодекстің 431-бабы 2-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкер салық органына есеп бергеннен кейін салық органының ақпараттық жүйесінде есеп беретін келесі датаға бір жұмыс күнінде патент дайындауды жүргізеді», – дейді Асхат Бейсенбенов.

Филиал Астрахан аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасына хат жолдады. Жауап алынғанымен, салық органы толық көлемде түсінік бермеген. Мемлекеттік кіріс органы қаржы-салық есебін өңдегенде техникалық қателіктен жабылған, бұл мәселе қарауда жатыр.

Кәсіпкерге салық төлеушінің жеке кабинетін үнемі тексеріп отыруға кеңес берілді. Бірақ бірнеше мәрте жүгініп жатып кәсіпкер оң жауапты мамыр айында ғана алды.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер