«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

«Бизнесмен болғым келеді!»: мектеп оқушылары екі ай ішінде миллионер атанды

12 Шілде 2018
1507 просмотров

15 жасар жастар жылдың басында танысқан болатын. Наурыз айында олар алғашқы бизнес-жоспарды жүзеге асырды, ал екі айдан соң алғашқы 2 млн теңге көлемінде пайда тапты.

Бастауыш кәсіпкерлерде бизнеске деген көзқарас пен ұйымдастыру күрделі, команда бизнес процестерді үшбұрыш әдісіне негіздеген.

 «Бәрі тым қарапайым: Даниял – техник, Әлнұр – маркетолог, мен идеологпын, – деп бөлісті Әли. – Біз  жұмысты Scrum әдісі арқылы құруды жасап көрдік, бірақ әзірге онымыздан түк шықпай жатыр. Ақша жағы бойынша бізде барлығы оңай: кім қанша жұмыс істейді, сонша ақша алады деген келісім бар. Ақша жағы бізді таластырып жатқан жоқ, оларды көп көлемде жаратып жатқан жоқпыз, қаражат инвестициялық жоспарға кетіп жатыр».

Бастауыш кәсіпкерлер командадағы рөлдерді әркімнің жеке басындағы қасиет пен қабілетіне қарай бөлген. Балалрдың сипаттауынша Әлнұр байланысқа өте икемді.

  «Ол бізде ашық, кез келген адаммен тез сұхбаттаса кетеді. Ағылшын тілін жетік біледі, отандық банкирлер мен бизнесмендерді біледі, олар өз кезегінде бізге көмектесіп кеңес беретін болады», – деді Әли.

 «Тез үйыреніп алады да межеге қарай ұмтылады – деп қосты Даниял. – ал Әли болса командамыздағы басты ынталандырушы адам. Бәрімізге позитив сыйлап, алға қарай жетелейді. Міндеттерді бөліп, жобаларымыздың дамуында бағдарларды тағайындайды. Бірегей, ашық, көңілді жігіт».

Даниял командадағы бас математик.

«Ол кез келген нәрсені есептей алады, физиканы жаны сүйеді. Осы ретте Даниял қайтпас мінезге ие әрі қызметтің жаңа бағытын оңай игеріп алады. Ол жан-жақты, көп көлемдегі ақпаратты бірден қабылдап игереді», – деп баға берді Әлнұр.

Білікті жігіттер наурыз айында Назарбаев зияткерлік мектебін брендтеу бойынша  алғашқы бизнес идеяны жүзеге асырды.  Бұл идея жаңа емес, мектеп оқушылар имидждік өнімді әзірлеуді қолға алды, атап айтқанда футболкалар пен худилерді фирмалық логотиппен шығаруды бастады.

 

  «Жетекші универсиететтің барлығында дерлік фирмалық өнімдері бар, Назарбаев зияткерлік мектебінде ондай өнім болған жоқ. Біз осыны қолға алып, бірінші партияны шығарып көрдік. Мектеп қабырғасында сатуды бастап, бірінші күннің өзінде 100 дана өнімді саттық», – деп бөлісті Әли.

 «Содан соң бізге тиым салды», – деді Даниял.

Мектеп ішінде сауда жасауға болмайды, балалар сатуды доғарды... Алайда  олар бизнесті жапқан жоқ. Мектептің атқарушы директоры көрегендік танытып, балаларға 4 ірі тапсырыс жасады. Осы уақыттан бастап оқушылар Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен ірі іс-шараларға деп  мектептің фирмалық логотипі бар киімді жеткізетін болды.

  

 «Осы тапсырыстар бізге табыс әкелді. Бастысы бізге кәсіпкерлікпен айналасу ұнады. Қазіргі таңда бизнес-жоспарлар жасап, түрлі қызықты бастамаларды қолға алып жатырмыз», – деді Даниял.

 Жаз басталысымен кәсіпкерлер оңтүстік-шығыс Азияда аса танымал гонконг вафлиі бойынша франшизаны іске қосуды қолға алады. Десертті ұлттық қаптамаға орады да Астана қаласында орналасқан барлық сауда– ойын-сауық орталықтарына өткізу бойынша сұраным жіберді.

«Барлығы дерлік бас тартты. Тек екі сауда орталығы әріптестіктен бас тарпады. «Керуен» сауда орталығы ұсынысты кезекке қойды, «MEGA Silk Way» орталығы да кезектің басына қойды. Жауап күтіп отырмыз», – деді кәсіпкерлер.

 Қазір кәсіпкерлер жаңа бизнес идеяны қолға алмақ. Кейбірі жүзеге асудың аз алдында тұр.

 «Америкалық оқу орнына түскен балалардың көбі грантқа түседі. Біз SAT емтиханына оқушыларды  дайындауды қолға алуды ұйғардық. Оратлықтағы ұстаздармен келісіп, орынжай таптық, өзімізге клиент тарту мәселесін алдық. Арнайы сайт құрдық, оны жетілдіре бастап, шеберлік cабақтар сериясын қолға алдық. Қазір жобаны тоқтатып қойдық. Балалар демалыстан оралғанын күтіп отырмыз», – деді Әли.

 Балалардың айтуынша  ата-аналары балаларының  бизнес бастамаларын қолдайды.  Бірде Әли үлкен тапсырыс алып, 500 футболка шығару үшін 1 күнде 1 млн теңге табу керек болды.

 «Ата-анам үйде болмады, мен ақшаны қайдан алу керек деп көп ойландым. Сөйтіп ақшаны ағамнан алдым қарызға, бір аптадан соң алған қарызымды қайтардым», – деді кәсіпкер.

Қәзіргі балалар арт қауымдастығын жинау бойынша жобаны қолға алуда.  

«Бұл қызықты әрі шығармашыл жоба. Мұндай модель АҚШ-та  алғаш рет 2004 жылы қолға алынған. Бастамашылар үш жыл ішінде 3,5 млн АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан. Егер біз осы бизнесті жандандырсақ, онда жуық арада ТМД мен Қытай нарығына шығамыз, бұл аймақтарда балама жоқ», – деп бөлісті Әли.

Болашақта кім боласың деген сұраққа балалар жарыса «Бизнес боламыз!» деп жауап берді.  

 

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер