«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер комитеті

Жамболат Сәрсенов

Комитет төрағасы

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер комитеті 2014 жылы құрылған. Комитет ҚР ҰКП Төралқасының жұмыс органы болып саналады. Оның қызметі дәрілік заттарды пайдалану, медициналық мақсаттағы заттар, медициналық техника, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібінің медициналық қызметтері мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы кәсіпкерлік секторды дамыту міндеттерін тез арада шешуге бағытталған.

Комитеттің мақсаттары мен міндеттері:

  • Денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлік қоғамдастықтың басын біріктіру;
  • Денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлік қызметті дамыту мен тиімді жүзеге асыруға атсалысу;
  • Денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық тұрғыда шешімін табуы қажет басым проблемаларды анықтау;
  • ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жетілдіру процесіне қатысу;
  • ҚР кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға атсалысу;
  • Мемлекеттік органдардың денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттарын жасау және жүзеге асыруға қатысу;
  • Кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтары мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігін тиімді ұйымдастыру. 

Серіктестер