«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

«Біліктілік орталығы» ЖШС

«Біліктілік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласы, 010000, Д.Қонаев көшесі, 8 үй, Б блогы, 24 қабат

Тел. +7(7172) 27 05 47; 76 86 44; 27 80 33; 76 86 32; 76 86 31

«Біліктілік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2016 жылдың сәуір айында құрылды.

Басшысы – Арсен Жақашұлы Керімбеков.

Серіктестік қызметінің басты міндеті – кәсіпкерлік субьектілеріне және кәсіпкерлікті жүргізуге бастамасы бар халыққа қолдау көрсету, Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуына ықпал тигізу.

Серіктестік жұмысының негізгі бағыттары:

  • кәсіби біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;
  • білім беру консультацияларын ұйымдастыру;
  • бизнеске сервистік қызмет көрсету, көмек көрсетумен бірге бизнес жобаларын әзірлеу, оларды іске асыру мен жүргізу;
  • экономика саласына сараптамалық зерттеулер мен мониторинг жүргізу;
  • агроөнеркәсіп кешендерінің  субъектілерінің өзекті ақпаратқа тәулік бойы қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында, ақпараттық-сараптамалық интернет порталын әзірлеу және оны жүргізу;
  • кәсіпкерлік субъектілерінің ақпараттық-кеңес алуларына көмек көрсету;
  • кәсіпкерлік субъектілерін ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесіне  талдау жүргізу және оның одан әрі жетілуіне бағытталған ұсыныстар әзірлеу;
  • шет ел сарапшылары мен мамандарды тәжірибе алмасуға тарту жұмыстарын жүргізу және кәсіпкерлік субъектілеріне арналған тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу;
  • кәсіпкерлік субъектілерін тәжірибелік дағдыға үйретуге бағытталған білім беру жобалары мен әдістемелір әзірлеу;
  • экономиканың басым секторлары бойынша бейне-материалдарды (роликтер, сюжеттер, аудиожазбалар) әзірлеу және дайындау;
  • Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында, кәсіпкерлік қызмет бойынша жүзеге асырылатын полиграфиялық баспа өнімдерін (жиынтықтар, ұсыныстар, каталогтар, буклеттер, кітапшалар және т.б.) әзірлеу және дайындау;
  • ақпараттық материалдардың мамандандырылған жинақтарда, журналдарда, тематикалық шығарылымдарда шығуын ұйымдастыру және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
  • кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша өзекті ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығуын ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының жұмыссыз тұрғындарына және кәсіпкерлік субъектілеріне, өнім өндіру мен оны қайта өндеудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған семинарларды ұйымдастыру;
  • кәсіпкерлікті дамытудағы өзекті мәселелерге бағытталған консультациялар, дөңгелек үстелдер, халықаралық және отандық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
  • кәсіпкерлік субъектілерін ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін әрі қарай дамытуға бағытталған ұсыныстарды дайындау үшін, мемлекеттік органдар, ведомстволар, ұлттық компаниялар, жоғары оқу орындар, өауымдастықтар, одақтар, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілермен қарым-қатынас орнату;
  • мемлекет органдар, ведомствалармен құрылған жұмыс топтардың,  үкіметаралық және ведомствоаралық комиссияларының жұмысына қатысу;
  • Серіктестік құзыреті шегінде, нормативті-құқықтық актілерді, сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және оған еншілес ұйымдардың, Ұлттық палата жүйесіне кіретін заңды тұлғалардың  дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бағдарламалық құжаттарды  мақұлдау рәсіміне қатысу және әзірлеу;
  • кәсіпкерлердің шетелдік бағдарламаларда, кәсіби біліктілікті арттыруға  қатысуын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  • кәсіпкерлерді, қалалардағы, шағын қалалардағы және аудандық орталықтардағы кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарды ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру.

2018 жылы Біліктілік отралығы келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүзеге  асырылуда:

1. 267-«Ғылыми зерттеулер мен білімнің қол жетімділігін арттыру» және 100- «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпаратпен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламаларын жүзеге асыру.

Мақсаты: мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдіру, қайта өңдеу мен тарату бойынша, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне және басқа да қызығушылық танытқан тұлғаларға, өтеусіз негізде, қол жетімді ақпараттық және кеңестік қызметті ұсыну арқылы, ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сонымен қатар, пилоттық шаруашылықтар базасында, ауыл шаруашылығының цифрлық технологиялары элементтерін енгізу.

2. Қазақстандық брендттерді ары қарай жылжыту, жарнамалауға атсалысу.

Мақсаты: QAZAQ ORGANIC FOOD, KAZMEAT, HALAL KAZAKHSTAN, KAZMAI брендттерінің сыртқы нарықта танымдылығын арттыруды қамтамасыз ету және шетелге экспортталуына атсалысу.

Серіктестер