astana-view

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесі

12 Қазан 2018 - 13 Қазан 2018

Астанада жылдың маңызды оқиғаларының бірі – «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Биыл байқауға өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары  атанған 153 компания қатысады.

Марапаттау үш номинация бойынша өтеді:

  •  «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
  •  «Халыққа арналған үздік тауарлар»;
  • «Үздік азық-түлік тауарлары».

Көрмеге келушілер отандық тауар өндірушілердің өндірген тауарларын сатып ала алады.

Бағдарламада отандық өндірушілердің киім-кешектер үлгісі, шеберлік-сағаттар өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, бағалы сыйлықтардың ұтысы (күн сайын сағат 15.00-де) ойнатылады.

Көрменің мақсаты – отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметін жандандыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу, сапа мәселелерін шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару және халық арасында сапа идеясын көпшілікке насихаттау.

Байқау аясында «Атамекен» ҚР ҰКП Шағын және шағын бизнеске арналған «Бизнесті құтқару қызметі» пилоттық жобасының тұсаукесері өтеді.

Көрме сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Өтетін орны: Астана қаласы, Достық көшесі, 3, «Көрме» орталығы.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер