astana-view

Сапасыз құс еті мен пайдасыз қалған сүт

2015 жылғы 13 Наурыз
3782 просмотров

Қазақстандық құс фабрикалары аса зор шығынға батуда. ҰКП өтемақылық шара ретінде ретроспективтік инвестициялық субсидиялауды ұсынады бұл инвестициялық субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау құралдарын енгізгенге дейін АӨК басымдылықты салаларын дамытуға инвестиция салған кәсіпорындарға көмек.

Ішкі нарыққа ресейлік және импорттық өнім қаптап кетті. Бағамдық айырмашылық салдарынан импорттық тауар отандықтан біршама арзан. Сүт сатушыларда да салмақты түйткіл туындап отыр. Алайда ҰКП-да өткен баспасөз-конференциясында журналистерге шетелдік бәсекелестердің нені аяққа басып жүргендері айтылып, жеке тергеу нәтижелері жарияланды. Ресейлік кәсіпкерлер өздерінің ет өнімдерін сумен және тұздықпен толтырып қоятын болып шықты.

ҰКП АӨК комитеті Хатшылығы хатшысы Рүстем Құрмановтың деректеріне сүйенсек, бүгінде отандық құс фабрикалары өткізу жағынан өткір түйткілге ұшырап отыр екенДүкендер сөрелерінде тек импорттық ет өнімі ғана орын алған, ал отандық құс етін өткізу күн өткен сайын төмендеп барады.

- Импорттық құс еті бағамдық айырмашылық салдарынан арзанырақ, алайда бұл өнім кей жағдайларда инжектирленген. Видеода тұздық пен судың еттің қай бөліктеріне құйылатыны анық көрініп тұр. Бұл талдау біздің сауда нүктелері мен дүкендерде жүргізілді. Сонымен, импорттық тауық салмағы жөнінен отандықтан айтарлықтай ауыр. Және де біздің кәсіпкерлер осындай әділетсіз күресте бәсекелесе алмайды. ҰКП ұстанымы біздің құс фабрикаларын қолдауда болып отыр. Олар жұтап қалмай, өз өндіріс және өткізу көлемін сақтап қалу мүмкіндігіне ие болуға тиіс. Біз шаралардың бірі ретінде, 2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін пайдалануға берілген жобалар бойынша инвестициялық субсидиялар төлеуді ұсынамыз. Бұл әрекеттегі ірі және орта заманауи кәсіпорындарды сақтап қалуға, айналымдық қаражатты арттыруға және ауыл тұрғындары үшін жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді конференцияда Рүстем Құрманов.

Қазақстанның Құс өсірушілер одағының Президенті Руслан Шәріпов бұл пікірге ортақтасады.

Оның деректері бойынша, бүгінде құс фабрикаларының қоймаларында 12 мың тоннадан астам құс еті бар, олар әлі күнге дейін өткізілмеген. Бұл Ресей мен Украинаның сапасы мардымсыз өнімдерінің сұранысқа ие болуы салдарынан орын алып отыр.

- Біз Алматы мен Астана сияқты ірі қалаларда үш аптадан бері талдау жүргізіп келеміз. Талдау барысында күллі еттің, күллі өнімнің 40-100 пайыз аралығындағы бөлігі сумен немесе тұздықпен инжектирленгенін анықтадық. Оған тағы да ненің қосылғаны белгісіз! Олар осының есебінен өнімнің салмағын ұлғайтады. Және де қазақстандық сатып алушы ештеңені байқамайды, өйткені тауар орамасында жатыр, - деп мәлімдеді Руслан Шәріпов.

Қазақстанның Құс өсірушілер одағы Ресейден құс еті мен жұмыртқаны әкелуге шектеу енгізуді ұсынады. Өндірушілер Қазақстан Үкіметіне баға ахуалын ретке келтіру ұсынысымен жүгінуде, ал қосымша субсидиялар Ресей мен Қазақстан ұлттық валюталары бағамындағы айырмашылықты түзетер еді. Қазірде бағам үшке бір болып отыр, ал бұл шамамен 37 пайыз.

Баспасөз брифингінде журналистерге жүргізілген тексерудің бейнеқорытындысы көрсетілді. Алайда, анықталып отырғандай, құс өсірушілер ғана емес, сүт сатушылар да залал көріп жатыр. Қостанай облысынан аграрий ҰКП-ға бейнематериал жолдапты. Онда кәсіпкер сүтті өгіздеріне беріп жатыр. Кәсіпорын басшысы сүтті малға беруге мәжбүр болған, себебі сұйытылмаған табиғи сүт қайта өңдеушілер арасында сұранысқа ие емес.

Қостанай облысынан келіп жеткен бейнематериалға брифингте БАҚ өкілдері түрліше жауап қатты, олар мұндай науқанға қарсы болды. Бірақ ҰКП жағдайдың күрделілігін түсіндірді.

- Бұрындары кәсіпкер сүтті қайта өңдеушілерге 110-120 теңгеден тапсыратын. Қазір ол өз өнімін тіпті жарты бағасына да өткізе алмай отыр. Себебі сүтті қайта өңдеуші де өңделген сүтті өткізуде түйткілге кездеседі. Осылай бола тұра, дайын өнімді өткізу мүмкін болмаса, өндірудің қажеті қанша? Ал аграрийдің сауылған сүтті сақтайтын орны да жоқ. Сүттің осынша көлемін үй жағдайында қайта өңдеу мүмкін емес. Оның үстіне, бұл түйткіл сыртқы факторлардан туындап отыр. Бағамдық айырмашылық пайда болды да, Ресейден арзан ұнтақ сүт қаптап келді. Біз де бұл жағдайға бей-жай қарай алмаймыз, алайда түйткілдің өзін түсіну қажет. Ал ұнтақтан жасалған «табиғи сүт» деген таңбалы сүт супермаркеттеріміздің сөрелерінде тұра берсе, нақты табиғи сүтті өткізу түйткілі ешқашан шешілмейді, - деп қорытты ҰКП АӨК комитеті Хатшылығының хатшысы Рүстем Құрманов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер