astana-view

Кәсіпкерлер «Іскерлік байланыс» құралы арқылы шетелдік серіктестерді таба алады

2024 жылғы 07 Мамыр
7174 просмотров

Егер кәсібіңізге шетелдік нарықтарға шығу керек болса, онда «Іскерлік байланыс» бағдарламасына қатысуға шақырамыз.

 Биыл бағдарламаға Қазақстанның түрлі өңірінен  11 кәсіпкер қатысып жатыр. Олар байқау іріктеуінен сәтті өтіп, өз жобаларын қорғап шықты.

Бағдарлама аясында кәсіпкерлер шетелдік бизнес-тағылымдамаға қатысып, Германияны «бағындыруға» аттанады.

«Іскерлік байланыс» бағдарламасының артықшылығы неде? Бағдарлама арқылы қатысушылар Германияның нарығымен танысады, іскерлік байланыс орнатып, неміс компанияларымен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауға мүмкіндік алады.

Қатысушылар арасында 4 кәсіпкер әйел және топтың жеті өкілі ақылды ауыл шаруашылығы бағытында өз саласында үздік тәжірибелерді зерделейтін болады. Сонымен қатар олар зауыттар мен кәсіпорындарды аралайды. Бизнес тағылымдама Берлин және Тюбингенде өтеді. Қатысушылар Германияның басқа да өңірлеріндегі зауыттарға бара алады.

Германияға сапар 5-18 мамыр аралығында болады. Осы екі апта ішінде отандық кәсіпкерлер тағылымдамадан сәтті өтіп, тиімді келісімшарттар жасайды деп үміттенеміз.

Отандық кәсіпкерлердің барлық жоспары іске асырылуына тілектеспіз!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер