astana-view

Бизнес жасқа да, жынысқа да бөлінбейтін кәсіп

2015 жылғы 20 Мамыр
7499 просмотров

«Бір күні Президент Әкімшілігіне шақырылдым, ол кезде «Қазына» тұрақты даму қорында жұмыс жасап жүргенмін. Содан әйелдер кәсіпкерлігін дамытпай жүргеніміз үшін есептің астына алды. Мен экономиспін, және де, шынымды айтсам, бизнесті қалайша жыныс белгілеріне қарай бөлуге болатынын түсінбеймін. Сондай-ақ бизнесті жас ерекшелігіне қарай – жас, кәрі деп бөлуге де миым жетпейді… Мұнда оның қандай қатысы бар? Бизнес дегеніміз бизнес, онда бәсеке жасқа қарамайды, ереже де қатаң», - деді ол.

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізген сауалнама қорытындысы көрсеткендей, жеке іс бастауға жастардың батылдығы жетіспейді. Алайда басты кедергі – бастапқы капиталдың жоқтығы.

«Зерттеуде жастарға бизнеспен айналысу үшін батылдық жетіспейтіні аталады. Мен керісінше айтар едім, жастар бойында батылдық жеткілікті. Егер 100%-дан 36%-ды алып тастасақ, 64% бизнеспен айналысуға дайын. Ал дамыған елдер тәжірибесі бойынша, табысты бизнеспен  10-15% айналысатынын білеміз», - деп Азамат Нұрсейітов зерттеумен келіспеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер